Қысқы киім №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім

«Табиғат құбылыстары»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Асем Балгабаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қысқы киім 2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

4.1.2.1 жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсіну

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

4.4.5.2 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ және айырмашылығы бар сөздерді сауатты жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мұғалімнің қолдауымен жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын түсінед, түсінген мәтіннің мазмұнын айтады.

Оқушылардың кейбірі:

сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді, сөздерді сауатты жазады.

Бағалау критерийлері

жаңа сөздер мен фразалардың мазмұнын түсінеді;

сөздердің лексикалық мағынасын түсініп сауатты жазады.

Лексикалық минимум

Құлақшын, құтқар

Грамматикалық минимум

Заттың аты/сыны/іс-қимылын білдертін сөздер

Құлақшын, жылы, құтқаады

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Қыс келді №1

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Менің көңіл-күйім ....» тренингі

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне өзінің көңіл-күйін қоршаған ортамен салыстырып айтады.

Мысалы: Менің көңіл-күйім күн сәулесіндей жарық

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • жаңа сөздер мен фразалардың мазмұнын түсінемін;
  • сөздердің лексикалық мағынасын түсініп сауатты жазамын.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді балама сөздер немесе сурет арқылы меңгерту:

құлақшын – бас киім, тымақ

құтқар (құтқарады) – көмектеседі, қорғайды

Дамыту жолдары:

1. Жаңа сөздердің мағыналарын мысалы келтіріп түсіндіреді.

2. Қолдану ерекшеліктерін көрсетеді.

3. Бірнеше рет қайталайды.

4. Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолданады.

5. Өткен сабақтарда меңгерген ақпаратты сабақта қайталайды.

Тыңдалым алдындағы тапсырма:

(Ұ) «Суреттер сөйлейді». Суреттерге қарап сөздік қор жинақта.

Дескриптор:суреттерге қарап сөздік қор жинақтайды;

сөздерді өзара байланыстырып әңгімелейді.

Тыңдалым кезіндегі тапсырма:

) Мәтінді мұқият тыңда.Таныс емес/түсінбеген сөздерді дәптерге жаз.

Мәтін:

Қыс желтоқсан айынан басталады. Жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні осы айда болады. Адамдар қыстыгүні жылы киімдер киеді. Қысқы киімдерге пальто, пима, құлақшын, қолғап, етік жатады. Ауа райы қыста суық болады. Сондықтан жылы киім оларды құтқарады. Бастарына құлақшын, қолдарына қолғап, аяқтарына пима киеді.

Дескриптор:

жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын түсіндіреді;

түсінген мәтіннің мазмұнын айтады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(Ө) Cөйлемдерді қажетті сөздерді қойып толықтыр.

Қажетті сөздер: құлақшын, пима, киім

Адамдар бастарына ................................ киеді.

Қысқы киімге ...................................... жатады.

Суықтан қысқы ............................... құтқарады.

Дескриптор:

сөздерді мағынасына қарай дұрыс қолданады;

сөздерді сауатты, қатесіз жазады.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

  Слайд

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Смайлик»

- сабақта бәрін түсіндім

- сабақта кейбір сәттерді түсінбедім

- сабақты мүлдем түсінбедім

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлер бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Қысқы киім туралы жұмбақты дайындау.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу