Қыс мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Табиғат құбылыстары»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қыс мезгілі

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тақырыпқа қатысты тірек сөздердің мағынасы мен қолданысын біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Суретті мәтіннің мазмұнын түсініп, қысқаша баяндайды.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарына кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері

Суретті мәтіннің мазмұнын баяндап, сұрақтарға жауап беру барысында кері байланыс береді.

Лексикалық минимум

Аққала, аяз

Грамматикалық минимум

Ауыспалы осы шақтағы етістіктердің қолданысы

Күн қысқарады. Түн ұзарады. Адамдар жылы киінеді. Балалар коньки тебеді, шана ойнайды. Қардан аққала жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

Сабақтың ортасы 29 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Топтарға біріктіру (қыс айлары атауы арқылы 3 топқа бірігу)

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

АУАРАЙЫСТЫҚЫСУЫҚАР

- Тақтадағы жазуға назар аударыңдар, мағынасы түсінікті ме?

- Жоқ.

- Ал осы жазудан мағыналы бірнеше сөз оқуға болады. Байқап көріңдер.

(Ауа райы, ыстық, қыс, суық, қар деген сөздерді табады.)

- Осы сөздер қай жыл мезгіліне қатысты деп ойлайсыңдар?

-Қыс.

-Дұрыс.

- Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз осы «Қыс мезгілі» тақырыбы бойынша төменгі сыныпта алған білімімізді толықтыра түсеміз. Алдымен қыс мезгілі туралы қаншалықты білеміз, «Теңгерім дөңгелегі» әдісі арқылы анықтап алайық. (өз білімдерін 1-10 дейін бағалайды).

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру3 минут

Жаңа сөздермен жұмыс

Жаңа сөздер: Аяз, аққала

АЯЗ

АҚҚАЛА

  • Бұл – аққала. Аққаланы неден жасайды?
  • Қардан.
  • Аяз деген не?
  • Қысты күнгі қатты суық.

1-тапсырма.. Суретті мәтінмен танысып, топта баяндаңдар. «Қыс мезгілі» кластерін толтырыңдар.

келді. Бұл мезгілде күн суық, болады. қысқарады, ұзарады. Жиі жауады. Адамдар киінеді. Балалар мұз айдынына барып, , . Қардан жасайды. Қыс мезгілі - өте көңілді мезгіл.

Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.

2-тапсырма. («Қарлы кесек» ойыны) Сұрақтарға жауап беріңдер.

(Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ортадағы қораптан «қар кесектерін» алып, бір-біріне лақтырады. Мұғалім белгі бергенде қар лақтыруды тоқтатады. Әр оқушы өзіне келген «қар кесегін» алып, сұрақты оқиды, жауап береді. Жауапты толықтырады, «кері байланыс» береді.) Бағалау дескриптор арқылы орындалады.

Сұрақтар:

  • Қыс қандай жыл мезгілі?
  • Қыста не болады?
  • Қыста күн қандай болады?
  • Қыста түн қандай болады?
  • Қыста не жауады?
  • Адамдар қыста қандай киімдер киеді?
  • Балалар мұз айдынында не істейді?
  • Балалар қардан не жасайды?
  • Қыс көңілсіз жыл мезгілі ме?
  • Саған қыс ұнай ма? Неге?

Дескриптор:

  • Сұрақтарға толық әрі дұрыс жауап берді.
  • Жауаптарды бағалады, кері байланыс берді.
  • топ: Желтоқсан

2-топ: Қаңтар

3-топ: Ақпан

Қыс мезгілі

Қыс айлары

Қысқы киімдер

Қысқы ойындар

суретті мәтін

+

кластер + түрлі-түсті қарындаштар

«Қарлы кесек» ойынына қажетті құралдар: сұрақтар жазылған «қар кесектері»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Теңгерім дөңгелегі» әдісі арқылы бастапқы білімі қаншалықты деңгейде толыққандығын бағалайды.

Үй тапсырмасы:

Берілген сурет желісі бойынша «Қыс мезгілі» тақырыбында шағын мәтін құрастырып айтыңдар.

Қыс мезгілі

Қыс айлары

Қысқы киімдер

Қысқы ойындар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу