Мамандықтар туралы талқылау (1,2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мамандықтар туралы талқылау (1,2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.5.1.2 көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/ жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу және жазу барысында тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді қолданады.

Тілдік мақсаттар

Мамандық, таңдау, болашақта, ер жеткенде, қол жеткізу, арман, бала кез, қызығушылық, қалақ, тырма, кетпен, ине салу, қызу өлшеу, жер өңдеу, жер маманы.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сөйлеуде қалау райды, тәуелдік, жіктік жалғауды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Қатесін тап!» Оқушылар сөйлемдерді оқып, тәуелдеулі сөздердегі қателер жылдам анықтап, түзетеді.

  • Менің арманымыз – дәрігер болу.
  • Сенің болашақта кім болғысы келеді?
  • Сіздің арманы ғарышкер болу.
  • Менің анасы маған заңгер бол дейді
  • Ол ер жеткенде биші боласың

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

12 мин

15 мин

3 мин

5 мин

7 мин

10 мин

3 мин

15 мин

(МК) «Кім көп біледі?» (бірлескен жазу) Оқушылар берілген тірек сөздерге сүйеніп, бір мамандық иесінің айтатын сөзін құрастырады.

  • менің мамандығым
  • бала кезімде
  • менің арманым
  • ер жеткенде
  • арманыма қол жеткізу үшін
  • спортпен айналысу
  • денсаулығы мықты
  • ұнайды

) Жұлдызды сәт! Оқушылар кездейсоқ таңдау арқылы кез келген мамандықты таңдайды. Берілген тірек сөздерге сүйене отырып, сол мамандық иесінің атынан сөйлейді. Дескрипторларға сүйене отырып, оқушылар бір-бірін бағалап отырады.

Дескрипторлар:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтты;
  • тірек сөздерді дұрыс қолданды;
  • жүйелі әңгімеледі;
  • аудиторияны өзіне қарата алды.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателер болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»

Сабақтағы жұмысына қорытынды жасайды.

Мен бүгін .......................................

Маған бүгін....................................

(МК) «Иесін тап!» Оқушылар берілген суреттерге қарап, мамандық иесін атайды. Көмектес септігін қолданып, ол құралды пайдалану туралы сөйлемдер құрастырады. Жаңа сөздердің мағынасын ашады.

(Ж) «Мен білемін!» Оқушылар берілген суреттер бойынша шағын мәтін құрастырады. Мәтін құрастыруда берілген жоспарға сүйенеді.

Жоспар:

  • Бұл кім?
  • Ол не істейді?
  • Қандай құралдар қолданады?
  • Ол құралдармен не істейді?

Дескрипторлар:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • жоспарға сүйенеді;
  • жалғауларды дұрыс қолданады.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы орындау қиын болған жоқ.

- тапсырманы орындау аздап қиын болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

(Ж) «Кел, сөйлесейік!» Оқушылар мамандықтар туралы диалог құрастырады. Кездейсоқ таңдау арқылы рөлдерді анықтайды. Бір-бірін бағалап отырады. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға көмекші сөздер мен сөз орамдары ұсынылады.

  • Құрылысшы – дәрігер
  • Өрт сөндіруші – суретші
  • Шаштараз – әскери адам
  • Ғарышкер – жүргізуші
  • Тігінші – тілші

Көмекші сөздер мен сөз орамдары:

  • мамандығыңыз қандай?
  • қандай құралдарды пайдала......?
  • неліктен бұл мамандықты таңдады....?
  • қол жеткізу үшін не істеді.....?
  • ............қиын ба?

Дескриптор:

  • сұрақты дұрыс қояды;
  • сұраққа дұрыс жауап береді;
  • тілдік нормаларды сақтайды.

Сабақтың соңы

5 мин

«Балдық көрсеткіш арқылы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу