Маған ұнайтын мамандық (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні: Сынып: 4 С | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Маған ұнайтын мамандық (3-сабақ) | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.5.1.2 көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде мұғалімнің көмегімен қолданады. Көптеген оқушылар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады. Кейбір оқушылар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде еркін қолданады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Сөйлеу және жазу барысында қосымшаларды орынды қолданады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Мамандық, таңдау, болашақта, ер жеткенде, қол жеткізу, арман, бала кез, қызығушылық, қалақ, тырма, кетпен, ине салу, қызу өлшеу | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||
Бастапқы білім | Сөйлеуде қалау райды, тәуелдік, жіктік жалғауды қолданады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 7 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Оқушылар сөз тіркестерін дұрыс құрастырып, жылдам айтады. Мен Сен Ол Біз Менің Сенің Оның Біздің Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | ||||||
Сабақтың ортасы 13 мин 10 мин 3 мин | (Ж) «Мен білемін!» Оқушылар жұпта бір мамандықты жасырады. Олар белгілі бір жақта мамандықты сипаттап сөйлейді. Бір-бірін бағалап отырады. Алғашқы үлгіні мұғалім көрсетеді. «Әлия мен Айгүлдің хатынан. Біздің мамандығымыз – ең маңызды және ең қажетті мамандық. Біз әр түрлі адамдармен жұмыс жасаймыз. Біз адамдарға көмектесеміз, қиналғанда қасынан табыламыз. Біз адамдарды емдейміз». Жоғары деңгей – ІІІ жақта, «біз» формасын қолданады. Орта деңгей – ІІІ жақта, «ол» формасын қолданады. Төмен деңгей – І жақта, «мен» формасын қолданады. Дескриптор:
(Ө,Т) «Ойлан, жаз» Оқушылар берілген үш тапсырманың біреуін таңдайды. тапсырмалар қиындық деңгейіне сай ажыратылған. Тапсырманы таңдаулары бойынша шағын топтарға бірігіп, жауаптарымен бөліседі. Топтан үздік жауапты ортаға шығарады.
Дескриптор:
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. - тапсырманы орындау қиын болған жоқ. - тапсырманы орындау аздап қиын болды. - тапсырманы орындау қиын болды. | ||||||
Сабақтың соңы 7 мин | «Балдық көрсеткіш арқылы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды. 1 5 10 | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?