Мамандығым-мақтанышым. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


Бөлім Мамандықтар әлемі.

Сабақтың тақырыбы

Мамандығым-мақтанышым.

Оқу мақсаты

4.3.3.1 мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Көптеген оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, өз ойын дәлелдейді.

Қызығушылықты ояту.

«Суреттер сөйлейді» ойыны. Оқушылар берілген мамандық атауының атынан сөйлеп, қадамдар жасайды. Бір сөйлем – бір қадам. Көп сөйлем айтқан оқушы жеңімпаз атанады.

Мен мамандығымды мақтан етемін дегенді қалай түсінесіңдер?

Т.Оқушылар топта берілген мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Ол үшін балаларға жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алады. Түпнұсқамен салыстыру арқылы өз-өзін тексереді. Мәтін жанрларына қатысты ақпарат алады.  

Өлең

Ұйқасқа құрылады, шумақтардан тұрады.

Мақал-мәтел

Көлемі шағын, көбінесе 2-4 жолдан

тұрады, адамдарға ақыл үйретеді

Әңгіме

Сюжеті болады, кейіпкерлері болады,

ұйқас болмайды

Жекелей.«Ойлан, тап». Оқушылар мамандық тақырыбына қатысты берілген тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. Өлеңді оқы, көп нүктенің орнына тиісті мамандық атауларын қойып жаз.

 

Мен ................ боламын,

Суреттерді саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.

 Мен ................. боламын,

Бәрін емдеп жазамын.

Адамдарды құрметтеп,

Бәріне ие боламын.

 Ал мен ........... боламын,

Өлеңдерді жазамын.

Ақындыққа ие болып,

Бәрінен озып шығамын.

2-тапсырма. Мәтіннің жанрын анықта. Ойыңды дәлелдеп жаз.

 Дескриптор:

көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды;

мәтін жанрын анықтайды;

өз ойын дәлелдейді;

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу