Мамандықтың бәрі жақсы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Мамандықтар әлемі Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мамандықтың бәрі жақсы | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау 4.5.1.2* көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тәуелдік жалғаулы сөздерді ауызша тілде қолданады. Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тәуелдік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады. Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, түйінді тұстарын анықтайды, тәуелдік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша еркін тілде қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтін бойынша сұраққа жауап береді. Сөйлеу және жазу барысында тәуелдік жалғаулы сөздерді орынды қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | есептейді, киім үлгісі, дайындау, мата таңдау, танымал адамдар, ерекше киім, ақша, қызметкерлердің ақшасы, үлкен фирма, жауапты жұмыс | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтардыдарыту | Ынтымақтастық | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Мамандық тақырыбына қатысты диалог құра алады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Оқушылар сабақтың кездейсоқ таңдау арқылы суреттерді алып, мамандық иесін сыныптастарына сипаттайды. Оқушылар қай мамандық туралы айтылғанын анықтаулары керек.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 8 мин 3 мин 10 мин | (Т) «Кім көп біледі?» Оқушылар берілген сөздер мен сөз тіркестерін мамандық иелеріне байланысты ажыратады, өз ойларын дәлелдейді. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады.
есептейді, киім үлгісі, дайындау, мата таңдау, танымал адамдар, ерекше киім, ақша, қызметкерлердің ақшасы, үлкен фирма, жауапты жұмыс
(Ө) «Тыңда, айт». Оқушылар берілген мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындайды. Әлібектің әкесінің мамандығы - есепші. Ол үлкен фирмада жұмыс істейді. Есепшінің мамандығы қиын және жауапты. Себебі ол қызметкерлердің ақшасын есептейді. Ал Әлібектің анасы - сәнгер. Ол киім үлгісін жасайды, ерекше киімдер ойлап табады. Содан соң оған мата таңдайды. Әлібектің анасы танымал адамдарға киімдер тігеді. 1-тапсырма. Сәйкестендіруді орында. Артық бір жауап бар.
2-тапсырма. Сұраққа жауап бер. Неліктен есепші мамандығы қиын? ______________________________________________ Дескриптор:
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. - тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ - тапсырманы орындауда қателер болды. - тапсырманы орындау қиын болды. (Ж) "Мен білемін!" Оқушылар берілген сөз тіркестерін тиісті жалғаулармен толықтырады. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөз тіркестерін қолданып, мәтін мазмұнын жазады.
Дескриптор:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 7 мин | «Жетістік баспалдағы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды. | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?