Мамандықтың бәрі жақсы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


2-бөлім. Мамандығым - мақтанышым

Сабақтың тақырыбы:

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Сабақтың оқу мақсаты:

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

4.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау

4.​2.​4.​1* жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін, шағын мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтін негізінде қосымша сұрақтар құрастыра алады;

Кейбір оқушылар: жағдаяттық тапсырмалар бойынша өз ақыл-кеңестерін ұсына алады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;

Үлгі бойынша сөйлемдер құрастырады;

Сөздердің түбіріне тиісті қосымшаларды дұрыс жалғайды;

Жағдаяттан шығу үшін ақыл-кеңестерін ұсына алады.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Сазгер, сәнгер, еңбексүйгіштік, т.б

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын...

Тыңдалымалды тапсырма:

Қазіргі заманауи сұранысқа ие мамандықтар қандай?

Жақсы маман болу үшін не істеу қажет?

Мамандықты жақсы, жаман деп бөлуге бола ма?

Тыңдалым тапсырмасы

ІІ. Тыңдалым тапсырмасы. Жұптық жұмыс. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Қазіргі кезде мамандықтың түрі көп. Олар – дәрігер, мұғалім, сәнгер, тәрбиеші, сазгер т.б. мамандықтың жаманы болмайды. Әр мамандықтың өз пайдасы бар. Мысалы, сәнгер әр түрлі киім үлгілерін көрсетеді. Сазгер ән шығарады. Жақсы маман болу үшін еңбексүйгіштік пен білім қажет.

Г.Тәуекелова

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтінді мазмұндаңыз, қосымша сұрақтар құрыңыз.

Сәнгер не істейді?

Сазгер не істейді?

Жақсы маман болу үшін не қажет?

Есте сақтайық!

Қосымша: сән+гер, саз+гер

 

3-тапсырма: Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

3-тапсырма: Берілген сөздердің қайсысына –гер, -кер қосымшасын жалғауға болады?

4-тапсырма: Жағдаяттан қалай шығуға болады? Ақыл кеңестеріңізді ұсыныңыздар.

Айсұлтан өскенде сазгер болғысы келеді. Әкесі оның қаржыгер болғанын қалайды. Айсұлтан музыканы ұнатады, бірақ әкесінің де көңілін қалдырғысы келмейді. Айсұлтан не істеуі керек?

ІІІ. Ой-толғаныс.

«Мамандық – өмір бастауы» деген даналық сөздің түйінін айтыңдар.

Рефлексия

Сабақта қай тапсырмалар күрделі болды?

Саған кім көмектесті?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу