Мамандықтың бәрі жақсы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 Т2

Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім атауы

4-бөлім. Мамандықтар әлемі

Сабақтың тақырыбы

Мамандықтың бәрі жақсы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

4.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау

4.​2.​4.​1* жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін, шағын мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтін негізінде қосымша сұрақтар құрастыра алады;

Кейбір оқушылар: жағдаяттық тапсырмалар бойынша өз ақыл-кеңестерін ұсына алады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
  • Үлгі бойынша сөйлемдер құрастырады;
  • Сөздердің түбіріне тиісті қосымшаларды дұрыс жалғайды;
  • Жағдаяттан шығу үшін ақыл-кеңестерін ұсына алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Сазгер, сәнгер, еңбексүйгіштік, т.б

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын...

Құндылыққа бағытталған мақсаттар

Әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Пәнаралық байланыс

әдебиет

АКТ қолдану

әдістемелік құрал, ақпаратты мәтіндер.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

6 минут

І. Тыңдалымалды тапсырма:

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Қазіргі заманауи сұранысқа ие мамандықтар қандай?
  • Жақсы маман болу үшін не істеу қажет?
  • Мамандықты жақсы, жаман деп бөлуге бола ма?

Лексика-грамматикалық минимум: Төмендегі сөздердің мағыналары мен аудармасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

  • Сазгер ән шығаратын адам, (композитор).
  • Сәнгерзаманауи стильде сән үлгісін ойлап табушы, (стилист, модельер).
  • Еңбексүйгіштікеңбекқорлық, (трудолюбие).

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

5 минут

8 минут

ІІ. Тыңдалым тапсырмасы. Жұптық жұмыс. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Қазіргі кезде мамандықтың түрі көп. Олар – дәрігер, мұғалім, сәнгер, тәрбиеші, сазгер т.б. мамандықтың жаманы болмайды. Әр мамандықтың өз пайдасы бар. Мысалы, сәнгер әр түрлі киім үлгілерін көрсетеді. Сазгер ән шығарады. Жақсы маман болу үшін еңбексүйгіштік пен білім қажет.

Г.Тәуекелова

Начало формы

Конец формы

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтінді мазмұндаңыз, қосымша сұрақтар құрыңыз.

  • Сәнгер не істейді?
  • Сазгер не істейді?
  • Жақсы маман болу үшін не қажет?

2-тапсырма: Үлгі бойынша сәнгер сөзі туралы сөйлем құраңдар.

  • Сазгер
  • Сазгерді көрдік.
  • Біз сазгерді көрдік.
  • Біз концертте сазгерді көрдік.
  • Біз концертте атақты сазгерді көрдік.

Есте сақтайық!

Қосымша: сән+гер, саз+гер

3-тапсырма: Берілген сөздердің қайсысына –гер, -кер қосымшасын жалғауға болады?

Заң –

Қаржы –

Дәрі –

Ғарыш -

4-тапсырма: Жағдаяттан қалай шығуға болады? Ақыл кеңестеріңізді ұсыныңыздар.

Айсұлтан өскенде сазгер болғысы келеді. Әкесі оның қаржыгер болғанын қалайды. Айсұлтан музыканы ұнатады, бірақ әкесінің де көңілін қалдырғысы келмейді. Айсұлтан не істеуі керек?

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
  • Үлгі бойынша сөйлемдер құрастырады;
  • Сөздердің түбіріне тиісті қосымшаларды дұрыс жалғайды;
  • Жағдаяттан шығу үшін ақыл-кеңестерін ұсына алады.

http://bilim-all.kz/article/2410

Сабақтың соңы

3 минут

3 минут

ІІІ. Ой-толғаныс.

«Мамандық – өмір бастауы» деген даналық сөздің түйінін айтыңдар.

Рефлексия.

Сабақта қай тапсырмалар күрделі болды?

Саған кім көмектесті?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушыларға қолдау көрсетуді әрбір тапсырма құрастыру барысында ескеріп отырамын. М: тыңдалымалды тапсырма, тыңдалымнан кейінгі тапсырма жасауда.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Кері байланыс арқылы және бағалау критерийлері арқылы.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бұлардың барлығы әр сабақ барысында ескеріліп отырады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу