Мамандық таңдау. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

  • Пән: Қазақ тілі
  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Мамандықтар әлемі
  • Күні:
  • Сынып: 4
  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мамандық таңдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.5.1 оқылған / тыңдалған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдеу

4.4.5.1 дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің оқылған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдейді, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазады.

Көптеген оқушылар оқылған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдейді, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазады.

Кейбір оқушылар: оқылған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін еркін дәлелдейді, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап еркін жазады.

Бағалау критерийлері

Өз пікірін дәлелдейді.

Жазу барысында дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Мамандық, аспаз, ұшқыш, дәрігер, мұғалім, жүргізуші, шаштараз, құрылысшы, өрт сөндіруші, болашақ/ болашақта, маңызды, қажетті, жауапты, тігінші, тігу, қию, мата, таңдау, сәнгер, қабілет, қызығушылық

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Сөйлемдер тізбегі». Оқушылар тақырыпқа қатысты мұғалім айтқан сөйлемді мазмұны жағынан жалғастырып, бір сөйлемнен қосып тізбек жасайды. Тізбекке қатыса алмаған оқушы тізбектегі барлық сөйлемді қайталайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

5 мин

7 мин

7 мин

3 мин

8 мин

(МК) «Үстел басындағы әңгіме» Оқушылар берілген сұрақ бойынша алдымен өзі ойланады, содан соң жұпта бөліседі. Соңында өз ойын шеңберде айтады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады.

Сұрақ: Мамандықты қалай таңдау керек?

(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар берілген мәтінді оқып, сұрақтың жауабын жұпта талқылайды.

Әлібектің әкесінің мамандығы - есепші. Ол үлкен фирмада жұмыс істейді. Есепшінің мамандығы қиын және жауапты. Себебі ол қызметкерлердің ақшасын есептейді.

Ал Әлібектің анасы - сәнгер. Ол киім үлгісін жасайды, ерекше киімдер ойлап табады. Содан соң оған мата таңдайды. Әлібектің анасы танымал адамдарға киімдер тігеді.

Әлібекке сурет салған ұнайды. Ол табиғаттың, жануарлардың суретін салғанды жақсы көреді.

Әкесі Әлібекке «есепші бол» дейді. Ал анасы «дәрігер бол» дейді.

Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, Әлібекке не істеу керек?

Дескриптор:

  • сұраққа жауап береді;
  • өз ойын дәлелдейді.

(Ж) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сөйлемдерді толықтырып жазады. Оқушыларға тірек сөздер ұсынылады. Дауыссыз қ-ғ дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазуына көңіл бөлінеді. Түпнұсқамен салыстыру арқылы өзін-өзі тексереді.

Маманды...(қ, ғ)ты дұрыс ................ керек. Маманды...(қ, ғ) таңдау – өте ............ іс. Маманды...(қ, ғ)ты өзінің ....................., ............................... қарай таңдау керек. Жақсы маман болу үшін .................... болу керек.

Қажетті сөздер: жауапты, таңдау, қызығушылы...(қ, ғ)ына, қабілетіне, еңбекқор

Түпнұсқа

Мамандықты дұрыс таңдау керек. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Мамандықты өзінің қызығушылығына, қабілетіне қарай таңдау керек. Жақсы маман болу үшін еңбекқор болу керек.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателер болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

(Ө) "5 минуттық жазу". Оқушылар сурет негізінде сөйлемдер жазады.

Алина

Диана

Руслан

Лаура

Айдар

Үлгі:

Алинаның қызығушылығы – сурет салу. Оның суретші болғысы келеді.

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • сөздердің байланысын сақтайды.

Сабақтың соңы

5 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу