Ұлттық сазды аспаптар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Мәдени мұра» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Ұлттық сазды аспаптар. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1Сөздік қорды толықтыру 4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Мұғалімнің қолдауымен берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады. Көпшілігі: берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады және сөйлеу барысында қолданады. Кейбірі: Өз бетінше берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады және сөйлеу барысында қолданады. | ||
Бағалау критерийлері | Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады және сөйлеу барысында қолданады. | ||
Тілдік мақсаттар | Ұлттық сазды аспаптар | ||
Құндылықтарды дарыту | Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | ана тілі, музыка сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | |||
Бастапқы білім | Қазақ халқының музыкалық мұрасы. Жетіген. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Қызығушылығын ояту. - Орыс халқының қандай ұлттық аспабын білесіңдер? Сабақтың тақырыбы: Ұлттық сазды аспаптар. Сабақтың мақсаты:
| ||
Сабақтың ортасы | (ЖЖ) Оқушылар жұптасып, қазақтың ұлттық сазды аспаптарының басқа халықтарға тән баламаларын табады, олардың несімен ұқсайтынын, несімен ерекшеленетінін анықтайды. - Орыс халқының қандай ұлттық аспабын білесіңдер? Балалайка – орыстың үш ішекті халықтық музыкалық аспабы. Балалайка алғашқыда екі ішекті болған. Жеке орындауда да басқа аспаптармен қосылып ән, биге сүйемел ретінде де пайдаланылған. 19 ғасырдың аяқ шенінде В.В.Андреев музыкалық аспап шебері С.И.Налимовпен бірігіп, балалайканың жетілдірілген түрлерін (прима, альт, бас, контрабас) жасап шығарып, оларды оркестрге қосты. Балалайка үшін көптеген музыкалық шығармалар жазылды. Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді. Шертер – шанағы терімен қапталған, қазақ хыалқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш шекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра аспабына ұқсас келеді.
(Т) Мәтіндерді оқып, салыстырып Венн диаграммасын жасау. | ||
Сабақтың соңы | Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім. | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар аспаптардың айырмашылығын айта алады. | Жұптар бірін-бірі бағалайды. | Жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?