«Қошқар мен теке» мультфильмі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
Қошқар мен теке (Племенной баран и козел)
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Өздері кедей екен. Бар малы – бес қой мен бес ешкі екен. Олардың сүтін ішіп, құрт, майын және жыл сайын төлін сойып жейді. Терісін, жүнін киім қып киеді.
Бес қой мен бес ешкі өріске (пастбище) өздері жайылып, бұлаққа өздері барып, су ішіп қайтады. Бес қой мен бес ешкіні бағып-қағып өсіретін(ухаживать) бақташы да, күзетші де қошқар мен теке еді.
Қошқар мен теке шал мен кемпірдің ең жақсы көретін малы еді. Қошқар мен текенің естілігіне(сознательность) шал мен кемпір де сенетін.
Қошқар мен теке екеуі дос еді, біріне-бірі қамқор, ақылшы серік болатын. Қошқар аңқау, қорқақтау еді. Ал теке айлалы(хитрый), ақылды еді.
Күндерде бір күні шал қатты ауырып қалды. Шал ауырып жатқан кезде, қара бақсы(шаман) келеді. Қобызын ойнап, емін(лечение) айтады:
— Ең жақсы көретін бір малыңды сой(режь), сол малдың қанымен емдеу керек...
Мына сөзден шал мен кемпір шошып кетеді(испугались). Шал мен кемпір жылайды. Теке бұл жайдың бәрін сезеді. Түн ішінде қошқарды оятып алып, оған сұмдық хабарды(ужасный весть) айтады. Әрі жылап, әрі ыза болған екеуі қашып кетеді. Олар шалды емдейтін шөп іздейді.
Қошқар мен текені іздеп, артынан қуған ешкім болған жоқ. Кім қуады? Шал ауру, кемпір мал іздей алмайды. Сонымен қошқар мен теке даланы, сай-саланы, таулы орманды, өзен-бұлақ бойларын аралайды. Жолда көптеген қауіп-қатерлер болады. Түн ішінде ұлыған қасқырдың үнін, аңырған аюдың, қорсылдаған қабанның дауыстарын естіп, қатты қорқады. Бірақ бәрінен құтылады. Бір күні теке бұлтқа қарап тұрады да:
— Бүгін қатты жауын болады екен, кел, қошеке, күрке жасап алайық, – дейді.
Қошқар:
— Өзіңе шағын күрке(палтка) жаса, менің жүнім қалың, етім майлы, мен тоңбаймын,-дейді.
Теке жылы күрке жасайды. Кешке күн райы бұзылады, нөсер жауын жауады. Теке үсті-басы құрғақ жайбарақат тынығып жатады(спокойно отдыхает). Ал қошқар дірілдеп(дрожать), тоңа бастайды. Ақыры шыдамы таусылып:
— Тәке, а, тәке! Мен тоңдым, менде бір қателік болды. Мені жылыт(согрей), -деп жалынады қошқар.
Теке:
— Ендігәрі ондай ақылсыздық істеме, – деп күркесіне қошқарды кіргізіп алады.
Ертеңінде жауын басылады. Күн ашылады. Қошқар мен теке жолға шығып, жүріп келе жатады. Түске таман аспандағы бұлттарға қарап, теке:
— Бүгін қар жауып, боран болуы мүмкін. Күрке жасап алайық, қошеке, – дейді. Бұған қошқар:
— Қар қалың, жаңбырдың суық суы емес қой. Терің жұқа саған күрке жасап алу керек – дейді қошқар.
Теке «Маһм! Маһм!» деп жүріп, шөп жинайды. Шөптен жылы күрке жасап алады..
Кешке қарай күн райы бұзылады. Жапалақтап қар жауа бастайды. Ақ түтек боран жауып кетеді. Қошқар ақыры шыдамы таусылып:
— Тәке! Ау, тәке! Менің халім нашар, күркеңе кіргізші. Ендігәрі айтқаныңды екі етпеймін, – деп жалынады.
Теке:
— Ендігәрі ондай ақылсыздық істеме, – деп, тар болса да жаураған досын күркеге кіргізіп алады.
Ертеңіне қошқар мен теке жолға шығып, жүріп келе жатады. Бір кезде теке:
— Қошеке! Қасқыр апанының(берлога) үстінен шығыппыз, іздер(следы) жатыр ғой, міне!–дейді.
— Ойбай! Тәке! Енді өлдік қой, – деп, қошқар қорқып, дірілдей бастайды. Бірақ теке қорықпайды.
—Құтылатын жалғыз амал — сол қасқыр апанының өзіне тығылу(прятаться), – дейді. Бұдан қатты қорыққан қошқар:
— Не дейді мынау? Не дейді?! – дей береді қорқып. Текенің артынан ере береді.
Теке бастап жүріп отырып, көп ұзамай қасқыр апанына келеді. Екеуі апанға кіріп, дәл кіре берісте теке өзі тұрады да:
— Мен «соқ»(бей) дегенде, қасқырды мүйіздеп соға бер. Қорықпа, – деп ақылын айтады.
Қасқыр келгенде, теке екі мүйізін(рога) қасқырдың тамағына қадап:
— Тоқтым, тоқтым, соқ! – деп айғай салады. Қошқар мүйізімен қатты ұрады. Қасқыр қаша жөнеледі.
Таң атып, күн шығады. Бір кезде теке:
— Апыр-ай, бізді он екі қасқыр іздеп келе жатыр екен, енді бәйтерекке(тополь) жетіп алайық, – деді.
Қошқар мен теке бәйтерекке келгенде, алыстан бір топ қасқыр көрінедіТеке ағаштың басына оңай өрмелеп шығып алады. Ал қошқар бәйтерекке шыға алмайды. Он екі қасқырдың біреуі ақсақ(хромой) қасқыр екен.
Теке бір кезде:
— Тоқтым(ярка, ярочка), тоқтым, соқ! – дейді. Осыны естігенде, ақсақ қасқыр қаша жөнеледі. Басқа қасқырлар жардан құлап өледі.
Қошқар мен теке тағы да жол жүріп келе жатады. Теке кенет жуан қарағайдың түбіне тоқтай қалады.
— Қошеке, мына қасқырдың басы мен сүйектерін көрдің бе? – дейді. Қошқар өлген қасқырдың денесінен шошып, досына еш нәрсе айта алмады.
Теке:
— Мұның бір керегі болады, – деп, өздерімен алады.
Екеуі тағы да жүріп кетеді. Қап-қараңғы түн болады. Айналаның бәрі тау-тас, қалың тоғай. Екеуі келе жатып, бір топ қасқырдың үстінен шығады.
Теке қошқар досына:
— Қорықпа, мынау басты осы жерге қой да, менің артымнан ере бер(иди за мной), – деп, қасқырлардың қасына келеді.
Қасқырлар қуанып:
— Біздің ортамызға сендерді кім әкелді? – дейді бір қасқыр.
Теке:
— Иә, сендерге қонаққа келдік. Сендер әрдайым қой етіне құштар болсаңдар(если любите), енді біз қасқыр етіне құштар болдық. Қошқар, қаптағы қасқырдың басын әкелші – дейді.
Қасқырлар қатты қорқып, қаша жөнеледі.
Ертеңінде қошқар мен теке жолға шығады. Қалың тоғай арасын кезіп келе жатады. Бір мезгілде теке қасқырлардың даусын естиді. Осы кезде қара қоңыр аю бастаған он шақты қасқыр сөйлесіп, қарағайдың жанына жақын келеді.
—Ақымақсыңдар, олар сендерді алдайды– дейді аю.
— Иә, ақымақ болдық, масқара болдық(опозорились), айеке! – деп шуласады қасқырлар.
— Әй! Менің қолыма бір тисе, ім... ім...– деп, аю қарағайдың түбіне отырады. Осы кезде Қошқар төмен құлап бара жатады. Мұны көріп отырған теке:
— Ең мықтысын же! Ең семізін же! – деп айғайлайды. Қошқар аюдың үстіне құлайды. Қасқырлар жан-жаққа қаша жөнеледі. Аюдың мойны үзіліп, өліп қалады.
Қошқар мен теке үлкен дарияға(большая река) келеді. Дарияның ортасында арал(остров) бар екен. Осы кезде ақырып аю, жолбарыс, қасқырлар арттан жақындап келіп қалады.
Теке досы қошқарға:
—Мен жүзе алмаймын, сен жақсы жүзесің. Енді сен мені құтқар. Аралға бару керек – дейді. Сөйтіп қошқар мен теке аралға келеді. Аю мен қасқырлар суда ұзақ жүзе алмай, суға батып кетеді. Теке мен қошқар дәрі шөпті табады. Екеуі шөпті алып, шал мен кемпірге келеді. Шал теке тауып әкелген дәрі шөптен жазылып, бұлар бұрынғыша бақытты өмір сүре беріпті.
Оқиғалар | Реті(1,2,3) |
Бұны естіп қошқар мен теке үйден қашып кетеді. Дәрі шөпті іздеуге шығады. | |
Дәрілік шөпті әкеліп, шалға береді. Шал ауруынан жазылады. Сөйтіп бәрі бақытты өмір сүреді. | |
Бір күні шал ауырып қалыпты. Оған бақсы «ең жақсы көретін малыңды сой» депті. Шал мен кемпір бұған қатты жылайды. | |
Қошқар мен теке дәрілік шөпті аралдан табады. Қасқырлар дарияның суына батып өледі. | |
Ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың бес ешкісі мен бес қойы болыпты. Олардың малын теке мен қошқар бағыпты. | |
Тоғайда қасқырларды, аюды кездестіреді. Олардан текенің арқасында аман қалады. |
Оқиғалар | Реті(1,2,3) |
Бұны естіп қошқар мен теке үйден қашып кетеді. Дәрі шөпті іздеуге шығады. | |
Дәрілік шөпті әкеліп, шалға береді. Шал ауруынан жазылады. Сөйтіп бәрі бақытты өмір сүреді. | |
Бір күні шал ауырып қалыпты. Оған бақсы «ең жақсы көретін малыңды сой» депті. Шал мен кемпір бұған қатты жылайды. | |
Қошқар мен теке дәрілік шөпті аралдан табады. Қасқырлар дарияның суына батып өледі. | |
Ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың бес ешкісі мен бес қойы болыпты. Олардың малын теке мен қошқар бағыпты. | |
Тоғайда қасқырларды, аюды кездестіреді. Олардан текенің арқасында аман қалады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?