«Қошқар мен теке» мультфильмі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Мәдени мұра» | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Қошқар мен теке» мультфильмі | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру 4.2.5.1 оқылған/тыңдаған материал бойынша шығарманың кейіпкерлерін салыстыра отырып («маған ... сияқты», «маған ... тәрізді») пікірін білдіру 4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу 4.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: оқыған/тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы пікірін айтады, кейіпкерлерге мінездеме береді Көпшілігі: оқиғаның композициялық құрылымын анықтайды, кейіпкерлердің әрекетіне баға береді,пікіріне дәлел келтіреді, оқиғаның композициялық құрылымын анықтайды Кейбірі: оқыған мәтін негізінде ой қорытынды жасайды | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқыған/тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Кейіпкерлердің әрекетіне баға береді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысын анықтайды. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | шал мен кемпір, бес қой мен бес ешкі, қошқар мен теке, бағыпты, ауырып қалыпты, бақсы, ем, сүйікті мал, қашып кетіпті, кездестіріпті, құтылады, алдайды, қиындық, жеңді, дәрілік шөп, ауруынан жазылады | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқор болуға, достыққа адал болуға үйренеді. Адами қасиеттерді бойына сіңіреді. | |||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру | Өмір бойы білім алудың, еңбектенудің маңыздылығын түсінеді. Қиындықта жол таба білуге үйренеді. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | ана тілі сабағы | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||
Бастапқы білім | «Қошқар мен теке» ертегісі | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Үй тапсырмасын тексеру Венн диаграммасы Мультфильм мен мәтіннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Сабақтың мақсаты: Оқыған мәтіннің мазмұнын жоспар негізінде жазамын. Кейіпкерлердің әрекетіне баға бере отырып, пікірімді айтамын. | |||||||||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Шеңберде отырып, ертегінің мазмұнын айтады. Ең үздік әңгімелеушіні анықтайды. (Т) Оқиғаның композициялық құрылымын анықтайды Басталуы. Шал мен кемпір болыпты Байланысы Шал ауырып қалыпты Дамуы. Бақсы келеді. Шарықтау шегі Теке мен қошқар қашып кетеді. Шешімі Қошқар мен теке дәрілік шөп әкеледі. Дұрыс нұсқа бойынша топтар жұмыстарын тексереді, өз жұмыстарын бағалайды. Кері байланыс
(Ж) Кестені толтырады.
Бірнеше жұптың жұмыстары тыңдалады. «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады. (Ұ) Кестедегі ақпаратты қолданып, пікірін айтады. («маған ... сияқты», «маған ... тәрізді») Маған қошқар жалқау сияқты, өйткені ол өзіне күрке жасамайды. Маған теке ержүрек тәрізді, себебі ол қасқырдан қашпайды. Мұғалімнің бағалауы. (МК, Ұ) Бірлесіп жазу Ертегінің мазмұны бойынша жоспар құру.
Тірек сөздер: шал мен кемпір, бес қой мен бес ешкі, қошқар мен теке, бағыпты, ауырып қалыпты, бақсы, ем, сүйікті мал, қашып кетіпті, кездестіріпті, құтылады, алдайды, қиындық, жеңді, дәрілік шөп, ауруынан жазылады (Ж) Ертегінің мазмұнын өз сөздерімен жазады. Дескриптор:
«Бағытталған жазу» әдісі арқылы қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс. | |||||||||||
Сабақтың соңы | Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім. Үйде: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?