Ұлттық сазды аспаптар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық сазды аспаптар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

4.3.3.1 мәтіннің (өлең, әңгіме, аңыз, мысалдың) жанрлық ерекшеліктерін анықтау

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

4.1.3.2 Музыкалық аспаптардың тобын ажырату

4.1.2.1 ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: мәтіннің жанрын, түрін анықтайды, музыкалық аспаптар тобын ажыратады, қолдау арқылы ән айтады.

Оқушылардың көпшілігі: жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, түрлі мәтіндер құрастырады, тірек сөздермен мәтін құрастырады, ән айту ережесін сақтайды

Оқушылардың кейбірі: мәтіннің жанрлық ерекшелігін түсіндіреді, аспаптардың ерекшелігін ажыратып, басқа халықтардың аспаптарға ұқсастығын анықтайды.

Бағалау критерийлері

Жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, түрлі мәтіндер құрастырады.

Тірек сөздер қолданып, постер/мәтін құрастырады.

Музыкалық аспаптар тобын ажыратады.

Лексикалық минимум

Пішін, үн, үрлемелі, ұрмалы, ішекті

Грамматикалық минимум

Бұрынғы өткен шақ, бұйрық рай

Құндылықтарды дарыту

Қазақтың ұлттық музыкасының ерекшеліктерін біледі, ұлттық мәдениетті құрметтеуге, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауға үйренеді.

Мектеп миссиясы, жаһан азаматы

Өнер-білім арқылы жетістіктерге жетуге, әлемге танылуға болатынын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка, өнер

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=ZuUaOhP86T8&list=PLBZ3oB9YhlC0pxU0D2k-QyuBSSBKBdqm4&index=12

https://www.youtube.com/watch?v=HU4I9bsAPoE&index=2&list=PLBZ3oB9YhlC0pxU0D2k-QyuBSSBKBdqm4

https://www.youtube.com/watch?v=JtiGZDrAW4c

https://www.youtube.com/watch?v=ZuUaOhP86T8

https://www.youtube.com/watch?v=R4akUcvq9K8

https://www.youtube.com/watch?v=RdOggZBY558

Бастапқы білім

Қазақтың домбырасы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықтарын ояту

Музыкалық сәлемдесу (музыка пәнінің мұғалімі)

«Достарға ақ тілек»

Үй тапсырмасын сұрау

«Балмұздақ таяқшалары» әдісі

Домбыра туралы сұрақтарға жауап алу.

  • Домбыра қай халықтың музыкалық аспабы?
  • Домбыра көне аспап па әлде кейін шыққан аспап па?
  • Домбырада не орындауға болады?
  • Домбыраға қай аспап ұқсайды?
  • Домбыраның неше ішегі болады?
  • Домбыра неден жасалады?
  • Домбыраның қандай бөліктері бар?
  • Домбыраның дауысын қай бөлігімен дұрыстайды?
  • Қандай атақты күйшілерді білесің?

Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы болжайды.

  • Музыкалық аспаптарды білген дұрыс па?
  • Басқа халықтың өнерін, мәдениетін құрметтеу керек деген пікірмен келісесіңдер ме?
  • Басқа ұлттардың қандай аспаптарын білесіңдер?

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтаймын. Тірек сөздер, суреттер қолданып, постер/мәтін құрастырамын.
  • Музыкалық аспаптар тобын ажыратамын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту.

Музыка мұғалімі аспаптарды көрсету арқылы түрлерін ажыратуды үйретеді.

үн

пішін

үрлемелі

ұрмалы

шертпелі

Сөз тіркестері мен сөйлемдер құру(оқушылардың жауаптарына кері байланыс беру) .

(Ж) «Қай аспаптың үні?» (Музыка пәнінің мұғалімі)

Аудиожазба арқылы аспаптардың әуенін тыңдайды, қандай аспап екенін анықтайды. Алдарына берілген карточкаға жауаптарын белгілеп отырады. Орындап болған соң, мұғалім дайын жауаптарды оқиды. Жұптар карточкаларымен ауыстырып, қанша ұпай жинағанын айтады.Мадақтау арқылы жұптар бір-бірін бағалайды(«Жарайсың!», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан»)

(Ұ, Ө) Н.Тлендиевтің «Баламишка» күйін тыңдайды.

Сазгерге қандай сұрақ қояр едіңдер?

Әр оқушы сазгерге бір сұрақ қояды.

Мұғалім оқушылардың «Ең қызықты сұрақты» анықтап, баға беретінін ескертеді. Соңында сазгер «Ең қызықты сұрақты» таңдайды.

Мұғалімнің пікір айту арқылы бағалауы.

(Т) Жазылым. Оқушыларды қабілеттеріне қарай топқа бөлу.

1-топ: Захар, Медина, Ранона

2-топ: Виталий, Альдина, Рамазан

3-топ: Амир, Эмин, Ақсұлтан

Тапсырманы жребий арқылы таңдайды.

1-топ: бір аспапқа жарнама жасайды. Мақсаты- аспапты сату.

Дескриптор:

  • мәтінді жарнама үлгісінде жазады;
  • аспаптың ерекшелігін айтады.;
  • сөйлем құрылымын сақтайды.

2-топ: бір аспаптың рөліне кіріп, бірінші жақта мәтін жазады.

Дескриптор:

  • аспаптың атынан сөйлейді;
  • сөздерді дұрыс байланыстырады;
  • тірек сөздерді орынды қолданады.

3-топ: пайымдау мәтінін құрастырады.

Дескриптор:

  • берілген тақырыпқа пайымдау мәтінін құрайды;
  • мәтін құрылымын сақтайды;
  • тірек сөздерді дұрыс қолданады.

Топтар ұсынылған критерий арқылы бір-бірін бағалайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы тапсырмаға кері байланыс береді.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс –ойландырды

Қызыл түс – қиын болды

(Т) «Домбырасыз ән қайда?» әнінің мәтінін оқу.

  • Мәтін жанры қандай?
  • Жанрлық ерекшеліктерін айтыңдар (шумақ, жол, қайырма).
  • Ән не туралы?

Бірінші шумақта не туралы айтылады?

Екінші шумақта не туралы айтылған?

Үшінші шумақта не туралы айтылған?

Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Сабақты бекіту

  • Қазақстан дамыған, мықты ел болу үшін бізге не қажет?
  • Қандай адамдар елімізді дамыта алады?

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

  • Басқа халықтың музыкалық аспабы туралы қосымша ресурс көздерінен оқып, айтып беру.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы 3 маңызды ақпаратты белгілеңіз

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу