Алтын адам. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Мәдени мұра»

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Алтын адам

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Көпшілігі: тыңдаған мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды, мәтін мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады.

Кейбірі: мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар қояды, мәтіннің негізгі ойын анықтайды, пікір айтады

Бағалау критерийлері

Мәтіннен тірек сөздерді анықтайды

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды

Тілдік мақсаттар

Жаңалық, жауынгер, әшекей, безендірілген

Құндылықтарды дарыту

Мәдени мұраларымызды білу, тарихи ескерткіштердің маңыздылығын түсіну

Мектеп миссиясы, жаһан азаматы

Қазіргі уақытта білімнің маңыздылығын түсінеді, өзге ұлттың мәдениетіне тарихына, мәдениетіне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Ақсақ киік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Үй тапсырмасын «Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы сұрау.

Сабақтың мақсаты:

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
  • Тірек сөздерді анықтаймын.
  • Мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын қоямын.

Сабақтың ортасы

Лексикалық минимумды меңгерту

Жаңалық, жауынгер, әшекей, безендірілген

(Ө) Мәтінді мұқият тыңда.

Алтын адам 1970 жылы Алматы облысынан табылды. Кемел Ақышев тапқан бұл ескерткіш әлемдік жаңалық болды. Алтын адамның сақ жауынгері екені анықталды. Оның киімі төрт мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бас киімінің ұзындығы 70 см-дей, онда жүз елу аң мен құс бейнеленген.

Алтын адам - қазақ халқының еркіндік символы.

(Ж) Мәтін бойынша тірек сөздер тізімін жасайды.

Алтын адам, 1970ж, Алматы облысы, Кемел Ақышев, ескерткіш, жаңалық, сақ жауынгері, әшекейлер, безендірілген, бас киім,150, аң, құс, еркіндік

(Ө) Мәтін мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады.

(Ұ) Сұрақтарын кез келген оқушыға қояды. Ол оқушы сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздер тізімін жасайды;

- мәтін мазмұны бойынша нақтыла усұрақтарын құрастырады;

- сұрақтарға жауап береді.

Жазылым. Алтын адамды сипаттап жазады.Тыңдаған мәтіндегі ақпараттарды қолданады.

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Үйде:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу