Қазақтың музыкалық аспаптары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім Мәдени мұра Күні: Сынып: 4 (Т2) | Мектеп: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақтың музыкалық аспаптары | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Домбыра, жетіген | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Тақырыпқа қатысты жаңа сөздердің сөйлемдегі орны | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара құрмет көрсету құндылығы мұғалім мен оқушылардың, оқушы мен оқушының арасындағы бір-бірін тыңдауы, тапсырмаларды орындау барысында нұсқаулыққа сай жұмыс істеуі, бір-біріне қолдау көрсету арқылы жүзеге асады. Отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік құндылығы мәтін мазмұнымен жұмыс барысында жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы, музыка | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 9 минут |
(ҰЖ) «Мағынаны таны» стратегиясы Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріңдер. Музыканы тыңдап, қай аспап екенін анықтаңдар. Сабақтың тақырыбын болжап айтыңдар.
Үй, баспана, су, нан, теміржол, құрал, барақ
Бағалау критерийі: Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. | интерактивті тақта + интернет https://www.youtube.com/watch?v=YHtpfO28SiE | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 27 минут | Сөздікпен жұмыс
1-тапсырма. Қай аспап неден жасалады?
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі. 2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңдер. Қазақтың музыкалық аспаптары Қазақтар музыканы жақсы көреді. Көп әндер, күйлер және музыкалық аспаптар ата-бабадан мұра болып жеткен. Қазақтың музыкалық аспаптары: домбыра, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, тағы басқалар. Домбыра ағаштан жасалады. Жетіген де ағаштан жасалады. Сазсырнай саздан жасалады, ал шаңқобыз темірден жасалады. Домбыра – қазақ халқының сүйікті музыкалық аспабы. Домбыра мен жетіген – ішекті аспаптар. Сазсырнай мен шаңқобыз – үрмелі аспаптар. Домбыра, сазсырнай, жетіген, шаңқобыз – қазақ халқының мәдени мұралары. Сұрақтар: Қазақ халқының мәдени мұралары нелер? Домбыра/жетіген/сазсырнай/шаңқобыз неден жасалады? Домбыра/жетіген/сазсырнай/шаңқобыз қандай аспап? Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жүргізіледі. 3-тапсырма. Кесте бойынша сұрақтар құрастырыңдар және әр аспапты сипаттап айтыңдар.
Бағалау дискриптор арқылы жүргізіледі. Дескриптор:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия Жетістік баспалдағы Үй тапсырмасы: «Қазақ музыкалық аспаптары» тақырыбы бойынша кластер жасау | «Жетістік баспалдағы» плакаты |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды