Достық, бірлік, ынтымақ туралы әңгіме жазу (1,2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Достық, бірлік, ынтымақ туралы әңгіме жазу (1,2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді

Көптеген оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді

Кейбір оқушылар: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтінді толық түсінеді

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ақпаратты ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Таза бұлақ, жолаушы, саудагер, молда, тынбай ағу, шөлін қандыру, ақы, мөлдір, жазу

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Жаман жолдас» әңгімесінің мазмұнын жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ)Қызығушылықты ояту. «Жүректен жүрекке». Оқушылар сабақтың басында бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

7 мин

15 мин

3 мин

7 мин

5 мин

13 мин

7 мин

3 мин

10 мин

) «Сөз сыры». Оқушылар берілген сурет пен тірек сөздердің негізінде мәтін мазмұнын болжайды. Жаңа сөздердің мағынасын ашады.

  • жолаушы
  • тастағы жазу
  • саудагер
  • тынбай ағу
  • еңбектену
  • молда
  • шөлін қандыру
  • ақы сұрамау
  • жазудың мағынасы

(Т) «ЖигСО» әдісі. Оқушыларға «Таза бұлақ» әңгімесінің бастапқы бөлігі ұсынылады. Олар тастағы жазу бойынша өз ойларымен бөліседі. Содан соң оқушылар отбасы тобына, содан кейін жұмыс тобына бөлініп, әр жолаушының сөзін оқып, талқылайды және кестені толтырады. Өздері оқып танысқан мәтін бөлігін баяндайды.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездеседі. Бұлақ суы салқын, таза екен. Су шыққан жеріне біреу тасқа жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол,- деп.

Үш жолаушы бұлақтан су ішіп, жазуды оқиды.

1-топ.

Біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара үлкейеді, сөйтіп, үлкен өзен болады. Сен де, адам, тынбай еңбек ет, сонда сен мақсатыңа жетесің деген сөз, - деді.

2-топ.

Екінші жолаушы молда екен, ол:

- Жоқ мен олай ойламаймын. Бұл бұлақ барлығының шөлін қандырады, ол үшін ешкімнен ақы сұрамайды. Сен де біреуге жақсылық жасасаң, ақы сұрама деген сөз,- деді.

3-топ.

Үшінші жолаушы бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма басқа нәрсе келеді: бұл бұлақтың суын адамдар да, жануарлар да жақсы көреді. Өйткені ол тынбай ағып, тазаланып тұрады. Жазудың мағынасы: жан дүниеңді осы бұлақтай таза ұста.

Сұрақтар

1-жолаушы

2-жолаушы

3-жолаушы

Кім?

Жазуды қалай түсінді?

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді түсіндім.

(Ж) «Мен білемін!» Оқушылар мәтін мазмұнына сүйеніп, мәтінде айтылған адамдық қасиеттерді жазады. Жазған жұмыстарымен бөлісіп, талқылайды, толықтырады.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Менің бүгін ........................... қолымнан келді.

Мен өзіме ........................... деп ескерту айтамын.

(Ө, Ж, Т, Ұ) Үстел басындағы әңгіме. Оқушылар әңгіме бойынша берілген сұраққа жауапты алдымен өздігінен ойланады, содан соң өз ойымен жұпта бөліседі, кейін топта талқылайды. Соңында шеңберде тұрып әр оқушы өз пікірін айтады.

Сұрақ: Сен қай кейіпкердің сөзімен келісесің? Неліктен?

(Т) «Тыныштықтағы хат». Оқушылар өз заттары арқылы 3 топқа бөлінеді. Оларға сөйлемнің алғашқы сөзі жазылған шаблон ұсынылады. Олар үнсіз, бір-бірімен келіспей сол сөзді сөйлем шығатындай, бір сөзбен толықтырып отырады. Соңында шыққан сөйлемдерін ортаға салады. Бір-бірін тексереді.

  • Әдемі жігіт .....
  • Саудагер....
  • Молда .....

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды;

Сары түс – ойландырды;

Қызыл түс – қиын болды.

(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар әңгіме негізінде сөйлемдерді толықтырып жазады.

Үш жолаушы ....................... кездеседі. Бұлақтың суы............. Олар тастағы ....................... көрді. Бірінші жолаушы ............................. Ол айтады: ...........................

Екінші жолаушы ............................... Ол айтады: ..........

Үшінші жолаушы .....................Ол айтады:.....................

Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға тірек сөздер ұсынылады. Олар тірек сөздерге сүйеніп жазады.

Тірек сөздер: бұлақ қасында, таза, саудагер, жазу, еңбек ету, молда, жақсылыққа ақы сұрамау, жігіт, жан дүниеңді таза ұстау.

Сабақтың соңы

7 мин

«Балдық көрсеткіш арқылы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу