Адамдық құндылықтар. 2-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 4 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: | ||
Бөлім атауы | 2-бөлім. Адамдық құндылықтар | ||
Сабақтың тақырыбы | Мейірімділік – асыл қасиет | ||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 4.3.1.1 Оқу түрлерін қолдану 4.5.1.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) | ||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды; Оқушылардың басым бөлігі: мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажыратады, ауызекі және жазба тілде қолданады; Кейбір оқушылар: мейірімділік қасиет туралы өз ойларымен бөліседі | ||
Бағалау критерийлері (күтілетін нәтиже) |
| ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану, жинақтау | ||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: шыдам, қиналу, ауыру, мейірімділік, аяғын таңып, қабақ шытпау, сынықшы, сыбырлап айтты, жаным көзіме көрініп тұр, жүдемесін деп т.б Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын.... | ||
Құндылыққа бағытталған мақсаттар | Әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді; Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады | ||
Пәнаралық байланыс | әдебиет | ||
АКТ қолдану | әдістемелік құрал, интербелсенді тақта /таныстырылым/ | ||
Жоспар | |||
Жоспарланатын уақыт | Жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздер | |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық жағымды орта қалыптастыру «Жақсылық тамшысы» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға осы кезге дейін істеген жақсы іс-әрекеттерін тамшы формасындағы стикерге жазып, тақтаға ілулерін сұрайды. Мұғалім тақтадағы стикерде жазылған жауаптардың бірнешеуін оқып, сыныппен ой бөліседі. І Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» әдісі
Осы сұрақтар негізінде оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды. | ||
Сабақтың ортасы 5 минут 10мин 5мин 7мин | ІІ Мағынаны тану: Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі ұсынылып, талқыланады.
Жаңа сөздердің мағынасын анықтап, сол сөздермен 3 сөйлем құрастырыңдар: шыдам, қиналу, ауыру, аяғын таңып, қабақ шытпау, сынықшы, сыбырлап айтты, жаным көзіме көрініп тұр, жүдемесін деп т.б
Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесін оқиды. 1-тапсырма:
Сейіт Сынықшы кісі Анасы Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
2-тапсырма. Мәтіннен шылау сөздер мен көмекші сөздерді табыңдар. Олардың қолданылуын түсіндіріңдер. Бағалау.
3-тапсырма: «Кім мейірімді?» Суреттерді қатыстырып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Балаларына қамқор болатын ... .. мейірімді Жарық өмір сыйлаған .... мейірімді Ақыл-кеңес беретін мейірімді Бауырсағы мен айранын ұсынатын мейірімді Шәкірттеріне білім беретін мейірімді Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» | https://wikisource.org/wiki/ | |
Сабақтың соңы 6 минут 2 минут | ІІІ Ой-толғаныс Шығу парағы «Мен мейірімді баламын» деген тақырыпта өз ойыңды білдір. Рефлексия Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім. Мен ................ түсіндім. Мен ............... ұсынамын. | ||
Қосымша ақпарат | |||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушыларға қолдау көрсетуді әрбір тапсырма құрастыру барысында ескеріп отырамын. М: тыңдалымалды тапсырма, тыңдалымнан кейінгі тапсырма жасауда. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Кері байланыс арқылы және бағалау критерийлері арқылы. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бұлардың барлығы әр сабақ барысында ескеріліп отырады | |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?