Жақсы адам- елдің ырысы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


2-бөлім. Адамдық құндылықтар

Сабақтың тақырыбы

Жақсы адам- елдің ырысы

Сабақтың оқу мақсаты:

4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

4.2.2.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті 4-5 сөйлем баяндау,кері байланыс беру,сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.5.5.1Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу

 

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін,шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді ауызекі және жазба тілде дұрыс жазып қолданады;

Кейбір оқушылар: жақсы адамның қасиеті туралы өз ойларымен бөліседі

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

мәтіннен қажетті сөздер тауып мағынасын ашады, сұрақтарға жауап береді;

Кейіпкерлердің ойын жалғастырып,жаза алады;

айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс қолдана алады

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Әдеп,ғалым,оқымысты,жарлы,бас ию,иіліп сәлем беру,әдептілік т.б

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын....

Жақсы адам қандай болу керек?

Тыңдалымалды тапсырма:

Жаңа сөздердің мағынасын анықтап, сол сөздермен 5 сөйлем құрастырып ауызша айтады: оқымысты, білімді,бай,бас ию,әдептілік көрсету.

Тыңдалым тапсырмасы

Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем береді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен оқымысты да онан төменірек басып иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай:

-Тақсыр, осыншама біліміңіз бар ғалымсыз, сөйте тұра осындай бір мұжыққа бас иіп неге сәлем бердіңіз? - деп сұрады.

Сонда ғалым кісі тұрып:

-Ешбір іліи-білім үйренбеген адам сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді. http://bilim-all.kz/article/2410

1-тапсырма:

1.Әңгімеде не туралы айтылған деп ойлайсыңдар?

2.Оқымысты қандай адам?

3.Жарлы кісі қандай адам?

4.Оқымысты мен жарлы адамның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар?

2-тапсырма.

Тыңдалым мәтінінен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс тауып,жазыңыздар

Үлкөн-үлкен

Үйрөнбөгөн-үйренбеген

Төмөнірек-төменірек

мәтіннен қажетті сөздер тауып мағынасын ашады, сұрақтарға жауап береді;

Кейіпкерлердің ойын жалғастырып,жаза алады;

айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс қолдана алады

 

3-тапсырма:Жазылым

Мәтіндегі кейіпкерлердің ойын жалғастырыңдар

Мен көп білім алған оқымыстымын!

Менің бойымда мынадай жақсы қасиеттер бар:......

Мен жарлы болсам да,бойымда жақсы қасиеттер көп.Олар...

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

 Мен бүгін............

Маған бүгін..................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу