Жақсылықпен жаным дос. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


2-бөлім. Адамдық құндылықтар

Сабақтың тақырыбы:

«Жақсылықпен жаным дос»

«Арыстан мен тышқан» ертегісі

Сабақтың оқу мақсаты:

4.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

4.​2.​6.​1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту 

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: ертегіні аяқтайды, Мәтін мазмұнын өз ойларымен жалғастырып айтады;

Оқушылардың басым бөлігі: айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді ауызекі тілде дұрыс жазып қолданады;

Кейбір оқушылар: берілген сұрақтарға өз ойларын білдіреді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Мәтін мазмұнын өз ойларымен жалғастырып айтады;

Берілген сұрақтарға өз ойларын білдіреді;

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Достық

Жақсылық

Қызмет т.б

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын....

Тыңдалымалды тапсырма:

Балалар, жақсылық деген не? Айтар ойымызды бір сөзбен білдіріп көрейікші!

Тыңдалым тапсырмасы

1-тапсырма. Мәтінді түсініп тыңдаңдар. Мәтін мазмұнын өз ойларыңмен жалғастырып көріңдер. Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?

Ерте, ерте, ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

-Тақсыр, мені өлтірмеңізші. Бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.

Арыстан оның сөзіне күліп:

-Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың, - деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан қуанып, «арыстан - досым» деп, жүгіріп ойнап кетеді.

Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Сол кезде ... ... .

1-тапсырма:

Сұрақтар:

-Мәтінді қалай атауға болады?

-Мәтін мазмұны қандай тақырыпқа арналған?

-«Өзің кішкентайсың, менің қандай қызметіме жарайсың?»-дегенді қалай түсінесіңдер?

Айтылым тапсырмасы:

Балалар!

Қазақ тілінде жан-жануарларға «НЕ?» деген сұрақ қойылады. Мысалы, арыстан, тышқан, ит.

Ал орыс тілінде ше?

 

3-тапсырма: Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

3-тапсырма: Төмендегі сөздердің жазылуы бойынша дұрыс жазыңыздар, айырмашылығын түсіндіріп көріңіздер!

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

 Мен бүгін............

Маған бүгін..................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу