Құндылықтар. Әдепті бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т2)

Мектеп:

Күні: ___/___/201__

Сабақ реті:

Мұғалім:

Сынып: 4 Т2

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ______

Сабақ тақырыбы:

Құндылықтар. Әдепті бала

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну

4.1.4.1* тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

 Сабақ мақсаты:

мәтіндегі негізгі ақпаратты түсіну;

кейіпкерді анықтау, мінездеме беру;

негізгі ойды анықтау.

Бағалау критерийлері

кейіпкердің іс –әрекеті арқылы мінезін анықтайды;

мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

кейіпкерге баға береді.

Құндылықтарды

дарыту

  • қазақ тілінде сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге тырысады;
  • жұптық,топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;
  • адамдарға құрмет көрсетуге, еңбекті бағалауға дағдыланады.

АКТ қолдану

тыңдалым мәтіні

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

әдепті, тәрбиелі, алғыс, ұят, қарт, қасиет

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша, себебі, дәлелдеймін .....

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспарлан-ған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Құндылықтар картасын толтыру. Жұптық жұмыс.

Оқушылар картаның ішіне құндылықтарды жазады (адами құндылықтар, отбасылық құндылықтар ...)

слайд

Негізгі бөлімі

5 минут

10 минут (тыңдау, кестені толтыру, кері байланыс)

10 минут (ақпаратты қолдану, мінездеме беру)

10 минут (сөйлем құрау)

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже талқыланады.

Тыңдалымалды тапсырмасы.

А) берілген сұрақтарға жауап береді, өз ойларны айтады;

В) үлгі арқылы сөйлемді толық айтуға дағдыланады.

Әдептілікке байланысты қандай сөздерді білесіңдер?

Әдепті балалар қандай болады?

Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Тыңдалым мәтіні.

Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң, алдынғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.

Аян әжейдің қасына келіп:

-Әже, мына орынға отырыңыз,-деді

Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.

Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды.

- Мә, қалқам, ала ғой.

- О не дегеніңіз, рақмет, әже !

- Алманы орының үшін беріп тұрғаным жоқ . Әдептілігіне сүйсінген алғысым ғой,-деді әжей Аянға күлімдей қарап.

Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.

Тыңдалым тапсырмасы. Жеке жұмыс.

А) Мәтінді тыңдап отырып, кейіпкерді, оқиғаны, оқиға орнын анықтайды;

В) жұбына жұмысты оқып, өз жұмысын толықтырады.

кейіпкерлер

оқиға

оқиға орны

құндылық

Кері байланыс. «Мадақтау сэндвичі»

1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Жұптық жұмыс.

А) ақпаратты қолданып, мәтіндегі басты кейіпкерге мінездеме береді.

В) сынып алдында оқиды, жұмыстарын бағалайды.

КЕЙІПКЕРЛЕР

ІС-ӘРЕКЕТІ

МІНЕЗДЕМЕ

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

кейіпкерді анықтау, мінездеме беру;

мәтін мазмұнын түсінеді;

іс-әрекетті анықтайды;

мінездеме бере алады.

ойларын дәлелдеп айтады.

Топтық жұмыс. Берілген сөздермен сөйлем құрастыру.

А) шеңбердің ортасында құндылық деген сөз болады;

В) оқушылар дастарқанның әр бөлігіне әдептілікке байланысты сөйлемдерді жазады.

С) дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көрші оқушының сөйлемін бағалайды.

Кері байланыс.

Қиындық туғызды ......

Өзімнің жетістігім ............................. деп санаймын.

слайд

Ресурс

тыңдалым мәтіні

үлестірмелі материал

Үлестірмелі материал

Үлестірмелі материал

Сабақ соңы

5 минут

«Талқылау бойынша серіктестер»

СЕРІКТЕСІҢІЗБЕН ТАЛҚЫЛАҢЫЗ

Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы;

Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгіңіз келеді? 

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.

Бағалау критерийі

Кері байланыс

Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу