Адами құндылық. Менің отбасым. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


(Т) Оқушылар мәтінді іштей, түсініп оқиды. Тапсырмаларды орындайды.

Мәтін:

Менің отбасым – әкем, әпкелерім және інім. Әкем біздің қамқоршымыз, отбасымыздың тірегі. Ал анамыз - мейірімді, біздің өміріміздің сәні. Менің отбасым - тату, әрі керемет отбасы. Бұл өмірде жанұяма ешкім де, ештеңе де жетпейді. Себебі отбасымдағы әрбір жан маған қымбат. Әрі олардың менің жүрегімдегі орны бөлек. Мен оларды қатты жақсы көремін. Біз бір-бірімізге үнемі көмектесіп тұрамыз. Ата–анамыз бізге бауырмал, әдепті болуды үйретті. Сол себепті, біз үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқорлық жасауға тырысамыз.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

(Т) «Бірлесіп орындайық»

Оқушылар топтасып оқылым мәтіні негізінде төмендегі тапсырманы орындайды.

1-топ. Мәтіннен қимыл-әрекетті білдіретін сөздері бар сөйлемдерді оқып, теріп жазады.

2-топ. Мәтіннен заттың атауын білдіретін сөздері бар сөйлемдерді оқып, көпше түрінде жазады.

3-топ. Меншік формасында тұрған сөздері бар сөйлемдерді оқып, теріп жазады.

Ө) «Ойлан, жаз» Суреттерге мұқият қарайды. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, бір сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады. Кейіпкерлердің айтқан сөздерін/сөйлемдерін суретке толықтырып жазады.

Мейірімді бала, қарт, көше, бағдаршам, өткізу, көмектесу, алғыс айту

Сыйлау, көмек көрсету, рақмет айту, көңілді

Дифференциация:

Қабілеті жоғары оқушылар өз отбасы туралы презентация, буклет немесе коллаж жасайды.

Қабілеттері төмендеу оқушылар әңгіменің басты мәселелерін түсінеді және қарапайым пікір береді.

Дескриптор

- суреттің мазмұнына сәйкес мәтін құрастырады;

- мәтіннің құрылымын, жүйелілікті сақтайды;

- сөйлемнің құрылысын сақтайды;

- тиісті тыныс белгілерді қолданады;

- лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды;

- мәтінге тақырып қояды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу