Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

4.5.1.4 * - септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: мәтіндегі бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерді анықтап түсінеді. Жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін жазбаша тілде қолданады.

Көпшілігі: Мұғалімнің көмегімен бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсінеді. Жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін жазбаша тілде қолданады.

Кейбірі: өз бетінше бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсінеді.

Жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін жазбаша тілде қолданады.

Бағалау критерийлері

Өз бетінше бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсінеді.

Жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін жазбаша тілде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Шаңырақ, уық, қанатты пырақтар, көмкерген

Құндылықтарды дарыту

Өз мемлекетінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

ана тілі,тарих сабағы

АКТ қолдану дағдылары

«Көк тудың желбірегені» әніне түсірілген клип

https://www.youtube.com/watch?v=cTkqyMh81rA

Бастапқы білім

Менің Қазақстаным

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар шеңберге тұрады қолдарына қорап беріледі, музыка қойылады, қай оқушының қолында қорап қалды сол оқушы сұрақты алып жауап береді.

  • Тудың ортасында не бейнеленген?
  • Күн ненің белгісі?
  • Күннің төменгі жағында не бейнеленген?
  • Қыран ненің белгісі?
  • Тудың сол жағында не бар?
  • Тудың авторы кім?
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Сабақтың мақсаты:

  • Өз бетінше бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсінеді.
  • Жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін жазбаша тілде қолданады.

Сабақтың ортасы

(ЖЖ) Әр жұптың әзірлеген туын бағалау.

Дескрипторлар:

  • Тудың түсін түсіндіреді;
  • оған салынған суретті неліктен таңдағанын дәлелдейді.

Тыңдалым алды тапсырма

(С) Оқушылар жаңа сөздермен танысады. Сөйлемдер құрастырады.

Тыңдалым тапсырмасы.

Елтаңба туралы мәтінді тыңдайды. Талдайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек. Мемлекеттік елтаңбаның орталық элементі –шаңырақ бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Шаңырақ – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының символы.

Қанатты тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады.

Бес бұрышты жұлдыз символы Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық екенін білдіреді.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы.

(С) Оқушылар сөздерді жіктейді.

Мен оқушы, шәкірт, автор, суретші,

Сен

Сіз

Ол

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Үйде: Мемлекеттік елтаңба туралы мазмұндау.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады.

Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу