Қазақстан – менің елім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан – менің елім | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу 4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде қысқа монолог құру 1.3 Тыңдаған аудио-, бейнематериалдың мазмұнын түсіну 4.1.3.1* - тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: берілген тірек сөздер негізінде мұғалімнің көмегімен қысқа монолог құрайды. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді. Көпшілігі: берілген тірек сөздер негізінде қысқа монолог құрайды. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейбірі: берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде өз бетінше қысқа монолог құрайды. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша өз бетінше сұрақтарға жауап береді. | ||
Бағалау критерийлері | Берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде қысқа монолог құрайды. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. | ||
Тілдік мақсаттар | Менің отаным, кең байтақ жер, көп ұлтты мемлекет, тату тәтті, өмір сүру | ||
Құндылықтарды дарыту | Өз Отанын қорғауға, сүйюге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | ана тілі, дүниетану сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI Қазақстан туралы қызықты деректер https://www.youtube.com/watch?v=1QkEJosFa-k МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ / MY KAZAKHSTAN / МОЙ КАЗАХСТАН / https://www.youtube.com/watch?v=yFtOS_ukf5s Менің елім Қазақстан | ||
Бастапқы білім | «Туған өлкем» тақырыбы бойынша оқығандарын, өткен жылдарда сынып сағаттарында білген, үйренгендерін естеріне түсіреді. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Қызығушылығын ояту. https://www.youtube.com/watch?v=yFtOS_ukf5s «Менің елім Қазақстан» атты бейнебаянды көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты:
| ||
Сабақтың ортасы | (С) Айтылым+ тыңдалым алды тапсырма: Оқушылардан Отан, туған жер деген ұғымдар туралы не білетіндігін сұрау. 2-сыныптағы «Туған өлкем» тақырыбы бойынша оқығандарын, өткен жылдарда үйренгендерін естеріне түсіру. Сөздермен жұмыс жүргізу: салт-дәстүр, жариялау, аумақ, ұлт өкілдері, шекара. Сөздердің мағынасын түсіндіру. Оқушы стикерді таңдап алады, онда жазылған сөзді оқып, түсіндіруге тырысады, қалған оқушылар көмектеседі. Оқушылар дәптерге, ал мұғалім тақтаға жазады. Айтылым + тыңдалым тапсырмасы: Оқушылар екі рет бейнежазбаны тыңдайды. Бірінші рет тыңдағанда түсінбеген жерлері бойынша сұрақтар қояды. https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI Қазақстан туралы қызықты деректер (ЖЖ) Оқушылар жұпта отырып жоспар құрайды. Әр жұп өзінің жоспарын ұсынады. Оқушылар бірін-бірі бағалай отырып, ең үздік жоспарды тақтаға жазады. (Ж) Оқушыларға сұрақтарды таратып беру. Сұрақтарға жауап беру:
( Медеу) (Ж) Айтылымнан + тыңдалым кейінгі тапсырма: Бейтаныс аудитория алдында сөйлеуі мүмкін екендігін ескертіп, өз елін таныстырудан бұрын ең алдымен өзін таныстыруы керек екендігін айту қажет. Мысалы, «Сәлем, менің есімім Қайрат. Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан – үлкен мемлекет. Оның жері өте үлкен. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы», т.б. | ||
Сабақтың соңы | Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім. Үйде: Ссылка бойынша бейнежазбаны тағы да көріп, монолог құрастырып айту. | https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI Қазақстан туралы қызықты деректер | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады. | Жұптық, жеке бағалау. | Жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?