Қазақстан - менің елім №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан - менің елім №2 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1 Оқу түрлерін қолдану 4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: мәтінді іштей, түсініп оқиды. Көпшілігі: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды. Кейбірі: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып белгі қойып оқиды. | ||
Бағалау критерийлері | Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып белгі қойып оқиды. | ||
Тілдік мақсаттар | Лексикалық минимум: тәуелсіз, мемлекет, халық, ұлт, елбасы, сүр, ұлан | ||
Құндылықтарды дарыту | Өз Отанын қорғауға, сүйюге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | ана тілі, дүниетану сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||
Бастапқы білім | Менің Қазақстаным монолог құру | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылығын ояту. Бейтаныс аудитория алдында сөйлеуі мүмкін екендігін ескертіп, өз елін таныстырудан бұрын ең алдымен өзін таныстыруы керек екендігін айту қажет. Мысалы, «Сәлем, менің есімім Қайрат. Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан – үлкен мемлекет. Оның жері өте үлкен. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы», т.б. Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты:
| ||
Сабақтың ортасы | Оқылым алды тапсырмасы. (С) Сіздердің сыныпқа журналист келді. Оның сұрақтарына жауап беріңіздер.
(Ж) Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын талдау. Туған жер – алтын бесік. Өз елім – өлең төсегім. Отан отбасынан басталады. Оқушылар мәтінді оқып, таныс емес сөздерді ортаға тастайды. Талдайды. Оқылым кезеңі. Қазақстан - Отанымыз, кең байтақ еліміз. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанда көп ұлттар өмір сүреді. Қазақстан көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр. Қазақстан табиғи ресурстарға бай. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік таулар, мөлдір көлдер, түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде түрлі аңдар мен құстар, жануарлар мекендейді. Оқылымнан кейінгі тапсырма. ЖЖ. Жұптар бір-біріне сұрақтар құрастырып қояды. Т. Мәтінмен жұмыс барысында сыныпты үш топқа бөлу. «Топтық тергеу» стратегиясын қолдану. 1-ші топ тыңдалған мәтін бойынша түйінді сөздерді теріп жазады; 2-ші топ негізгі ойды анықтайтын сөйлемдерді жазады; 3-ші топ мәтінді толықтырып, Қазақстан туралы өз ойларын постер арқылы қорғайды. Жұптар бірін-бірі бағалайды. | ||
Сабақтың соңы | Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім. | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бірден сұрақтарға жауап бере алады. | Жұптар бірін-бірі бағалайды. | Жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?