Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу 4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрау/қайталап сұрау/шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндау 4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрайды. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтайды. Көпшілігі: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында өз бетінше нақтылап сұрайды. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта жазады. Кейбірі: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндайды. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады. | ||
Бағалау критерийлері | Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрайды. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады. | ||
Тілдік мақсаттар | Лексикалық минимум: Елтаңба, көк, қыран, рәміз, еркін, ту, шаңырақ, бейнеле | ||
Құндылықтарды дарыту | Өз мемлекетінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | ана тілі,тарих сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | «Мемлекеттік рәміздер туралы» бейнежазба. | ||
Бастапқы білім | Қазақстан- менің елім | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылығын ояту. «Мемлекеттік рәміздер туралы» бейнежазба. https://www.youtube.com/watch?v=bgiV_8YvbqI Оқушылар бейнежазбаны көріп, түсінгендерін айтады.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту Сабақтың мақсаты:
| ||
Сабақтың ортасы | Айтылым алды тапсырма (С) Оқушылар Елтаңба, көк, қыран, рәміз, еркін, ту, шаңырақ, бейнеле деген жаңа сөздермен танысады. Ауызша сөйлемдер құрастырады. «Сұрақтар қобдишасы» стратегиясы арқылы сұхбат жүргізіледі: 1. Сен қай елдің ұланысың? 2. Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздеріне нелер жатады? 3. Туда бейнеленген қыран ненің белгісі? 4. Тудың түсі неліктен көк? 5. Елтаңбаның ортасында не бейнеленген? Шаңырақ ненің белгісі? «Сұрақтар қобдишасы» - ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады. Айтылым тапсырмасы. Ту туралы мәтінді оқиды. Талдайды. (ЖЖ) Әр жұп 4 сұрақ құрастырады. Тілші рөліне еніп, сұхбат алады. Қазақстан республикасының мемлекеттік туы Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспандыбейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Күн астында қалықтаған бүркіт бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығын білдіреді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен кескінделген ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді. Жұптар бірін-бірі бағалайды. (Т) Әр топтан сыныптың туын әзірлеуін сұраңыз. Тудың түсін, оған салынған суретті неліктен таңдағанын дәлелдеп, негіздеуді ұсыну. МК/Ұ Оқушылар қысқаша ту туралы дәпетелеріне мұғалімнің көмегімен мәтінді каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады. Үйде: Ту туралы мазмұндау. | ||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Баспалдақ» | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады. | Жұптар бірін-бірі бағалайды. | Жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?