«Көк Ту және достар» мультфильмі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Көк Ту және достар» мультфильмі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Сөздік қорды толықтыру

4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады.

Көпшілігі: мұғалімнің қолдауымен берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады және сөйлеу барысында қолданады.

Кейбірі: өз бетінше берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады және сөйлеу барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табады және сөйлеу барысында қолданады.

Тілдік мақсаттар

пьеса, қойылым

Құндылықтарды дарыту

Өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Өз мемлекетінің қалаларын білу. Ол не үшін керек?

Пәнаралық байланыс

ана тілі, өнер сабағы

АКТ қолдану дағдылары

«Көк Ту және достар» мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=m-3QTXZQIQQ

Бастапқы білім

Қазақстан қалалары туралы ақпаратты оқып танысу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту.

Пьеса дегеніміз не? деген сұрақ қою арқылы оқушылардың ойын тыңдау.

(С) Қойылым бізге төмендегідей мүмкіндік береді:

  • Уақыт бойынша алға секіру. Мысалы, бес минут немесе екі сағаттан соң немесе келесі күні немесе жылдардан соң болашақта
  • Орын ауыстыру. Мысалы, егер 1-қойылым саябақта болса, 2-сі мектепте, ал 3-сі үйде болуы мүмкін

Сабақтың ортасы

Мультфильмдегі кездесетін қиын сөздер мен сөз тіркестері бойынша сөздік жұмысын алдын-ала орындау.

(Т) Қысқаметражды «Көк ту және достар» мультфильмін көру.

Оқушыларды топқа бөлу.

Тапсырма.

Оқушылар топта отырып мультфильмді талқылайды.

Топта өздері Ту жайлы жаңадан мультфильмге сюжет ойлап табады, сценариін жазып, сурет/комикс түрінде безендіреді.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, қорғауға шығады.

Дескрипторлар:

  • сюжет ойлап табады;
  • сурет/комикс түрінде безендіреді;
  • сценаридің басы, ортасы, соңы бөлімдері сақталған.

Тапсырма. Берілген сөздерге мағыналас сөздерді табу.

Ту – жалау

Отбасы – жанұя

Қайырымды – мейірімді

Көрікті -әдемі

Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу:

Үлкен – кішкентай

Көңілді – көңілсіз

Мұғалімнің кері байланысы

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу