Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? №12. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Көкжиек» оқулығы бойынша)

8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

12-сабақ «Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды сурет арқылы сөздік қорды белсендіру көзделеді. Оқушылар «Оймен бөлісейік» әдісі арқылы «Ел іші – алтын бесік» мақалдың мағынасын түсіндіреді, мысал келтіріп дәлелдейді, сабақта қозғалатын тақырып жайлы болжауларын айтады;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздерді суреттер арқылы ой шақыртылып дамытылады. Сөздерді балама сөздер келтіріп түсіндіріңіз.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Теориялық бөлім:

Алдымен жіктік жалғаудың жекеше және көпше түрлерін қайталатыңыз, оқушылар ауызша немесе жазбаша талдайды.

Практикалық бөлім:

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • Бірінші тапсырманы оқушылар топтасып орындайды. Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, «Маған ұнайтын мерекелер» деген тақырыпта мәтін құрайды. Әр топ ортаға шығып мәтіндерімен таныстарады. Басқа топ кері байланыс береді. Барлық топ таныстырылымын жасап болған соң, мұғалім өз кері байланынысын жасайды.
  • Екінші тапсырманы жеке орындайды. Қағазда дайын тапсырманы таратыңыз. Оқушы көп нүктенің орнына қажетті сөзді суретке қарап жазады. Қолдауды қажет ететін оқушылар көмекші құрал ретінде сөздікпен қолдануға болады.
  • Үшінші тапсырманы оқушылар жұптасып орындайды. Мұғалім оқушыларды деңгейне қарай жұптастырады (мысалы, бірлік, 1+1, 2+2, 3+3 сандар таратылады, санның артында оқушының есімі жазылған). Оқушылар жазғы демалыста не істейтінің туралы сурет салады. Жазғы демалысын қалай өткізетіні жайлы жоспар құрады. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Мұғалім оқушының жұмысын бағалайды.
  • Шартты белгілер:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарында «қанат білгісі тапсырманы орындаған кезде оқушыға көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.

  • Бағалау:

Мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

  • Кері байланыс

Оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

  • Рефлексия

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Бес саусақ» тәсілі оқушылар өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу