Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? №12. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? №12

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

үлгі бойынша тірек сөздерді, сызбалар, суреттерді қолданып мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, мәтінді түрлі формада ұсынады.

Бағалау критерийлері

  • тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады;
  • сурет бойынша жоспар құрады.

Лексикалық минимум

Думан, ұнайды

Грамматикалық минимум

Бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Жазғы ойындар №11

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қызығушылықты ояту

«Ойды жалғастырайық» ойыны

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
  • сурет бойынша жоспар құрамын.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздер

) Жаңа сөздерді суреттер мен мағынасы жақын сөздер арқылы меңгерту

Думан

Той, мереке, салтанат

Ұнайды

Жақсы көру

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

1-тапсырма:

(Т) Тірек сөздерді пайдаланып, «Маған ұнайтын мерекелер» деген тақырыпта мәтін құраңдар. Оқушылар тапсырманы бірігіп орындайды. Алдымен оқушылар тақырып бойынша ой жинақтайды (жоспарлайды). Содан кейін қажетті сөздерді қолданып мәтін құрастырады. Топтағы оқушылар атқаратын рөлдерді өзара бөледі. Мысалы, ой тастаушы, жазушы, редактор, қорғаушы, бағалаушы.

Тірек сөздер: көктемде, мереке, құтықта, шеур, Жеңіс күні, думан, Бірлік күні, тойлау.

Бағалау:

«Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы тапсырманы тексеру. Оқушылардың есімдері жеке-жеке қағазға жазылып, қорапқа салынады. Мұғалім кез-келген қағазды алады, қай оқушының есімі жазылған шықса, сол оқушы оқиды.

Кері байланыс

Тапсырма ұнады ма?

2-тапсырма:

) Сөйлемдерді толықтыр.

Тапсырманы қабілеті төмен оқушы орындайды, қабілеті жоғары оқушы тексереді, кері байланыс береді.

Жаз айлары – маусым, ..., тамыз.

Жазда күн ұзақ, түн ... болады.

Жазда балалар ... барады.

Жазғы демалыста Әлібек ... аулайды.

Сергіту сәті

Ойын

Шеңберге тұрып допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады: Сәлем! Рахмет! Қалың қалай?

Қош келдің! Кешіріңіз! Өтінемін! т.б.

3-тапсырма:

Ж) Жазғы демалыста не істейтінің туралы сурет сал. Жазғы демалысыңның жоспарын жаз.

Тапсырманы оқып талқылайды. Дескрипторды негізге алып тапсырманы бірігіп орындайды. Мұғалім жауаптарын бағалайды.

Дескриптор:

  • ойын сурет арқылы жеткізеді;
  • сурет бойынша жоспар құрайды;
  • тірек сөздерді орынды қолданады.

 Слайд

 

Үлестірмелі қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

123-бет

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

- сабақта бәрін түсіндім

- сабақта кейбір сәттерді түсінбед

- сабақты мүлдем түсінбедім

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын

бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу