Жазғы ойындар №11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.

11-сабақ «Жазғы ойындар»

Жаңа сөздер:

Топ

5-10 адамнан тұрады

Өткіз

демалысты өткізу, бос уақытты өткізу

Жасырынбақ

(жасырымбақ)

1-тапсырма: (Ұ) Мәтінді тыңда. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып мазмұнда.

Керекті сөздер: жазғы ойындар, көңілді, өзенде, топ, жасырынбақ.

Жазғы демалысты .............................. өткіземін.

Маған ............................. өте ұнайды.

Күндіз ............................. шомыламыз.

Кешке ................................ ойнаймыз.

Біз ...................................... болып ойнаймыз.

2-тапсырма: (Ж) Тыңдалған мәтін бойынша сөздерді тіркестіріп жаз.

Біздің,

жазғы,

жасырынбақ,

көңілді,

өзенді

Жасырынбақ,

шомылу,

топ,

ойындар,

өткізу

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма:

(ЖЖ) Мәтінді оқы. Бір-біріңе сұрақ қойындар.

Маған жазғы ойындар ұнайды. Жазда мен доп ойнаймын, секіргішпен секіремін, бормен асфальтқа сурет саламын. Достарыммен бірге топ болып, бадминтон, жасырынбақ ойнаймыз. Жазғы демалысты көңілді өткіземіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

4-тапсырма:

(Ж) Тиісті қосымшаларды жалғап, көшіріп жаз.

Мен жасырынбақ ойнай............... .

Сен жасырынбақ ойнай............... .

Сіз жасырынбақ ойнай................ .

Ол жасырынбақ ойнай................ .

Мен секіргішпен секіре............. .

Сен секіргішпен секіре............ .

Сіз секіргішпен секіре............. .

Ол секіргішпен секіре.............. .

Тиісті қосымшалар:

-мын

-сың

-сыз

-ды

-мін

-сің

-сіз

-ді

Дескриптор:

  • тақырып бойынша диалогке қатысады;
  • жаңа сөздерге сүйеніп, өз ойын жеткізеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу