Абай мұражайында №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып («Көкжиек» оқулығы бойынша)
8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
2-сабақ «Абай мұражайында»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Мұражайды шарла» әдісі арқылы сөздік қорды белсендіру көзделеді. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суртетті көрсетіңіз. Оқушылар суретке қарап, болам жасайды;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздерді сурет арқылы дамытылады. Жаңа сөздерді сұрақтар қою арқылы жетелеңіз.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Сергіту сәті:
https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y «Бала, бала, балапан» атты бейнеклипті көрсетіңіз. Ұзақтығы – 2 мин, 32 сек. Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап алады. Қазақ халқының әнімен танысады.
Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.
Теориялық бөлім:
Алдымен септік жалғауларды қайталап, оқушылар сөзді ауызша немесе жазбаша орындайды.
Практикалық бөлім:
Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.
- Оқушыларға аудионы екі рет тыңдатыңыз. Бірінші рет тыңдаған кезде түсінбеген сөздерді түртіп алады. Екінші рет тыңдағанда, оқушы нақты тапсырманы орындауға кіріседі. Оқушының «сипаттау» сөзін толыққанды түсінуіне назар аударыңыз.
- Оқылым мәтін арқылы оқушы білім жинақтайды. Тірек сөздерді қолданып, өз сөзімен мазмұндайды;
- Келесі тапсырмада оқушылар берілген сөздердің арасынан керекті сөзді таңдап, оқылымда қолданған мәліметтерге сүйеніп жауабын дәлелдейді;
- Соңғы тапсырманы оқушы жеке орындайды. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Мәтіндегі қосы шаларды дұрыс қолданып жазады. Орындаған соң, қосымшаның жалғану себебін түсіндіруін бағалаңыз (оқушының қабілетіне қарай).
- Қосымша ақпарат:
Қысқа мерзімді сабақ жоспарында тапсырмалардың реттілігі оқулықтағы реттілікпен (кейібірі) сәйкес келмейді, сондықтан «ресурс» бөлігіне назар аударыңыз, ол жерде «Көкжиек» оқулығы, беті, тапсырмасы деп нақты көрсетілген.
- Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.
- Кері байланыс
Оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
- Рефлексия
Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
«Тілек ағашы» тәсілі арқылы оқушылар өз істерінің мәнін түсініп, жағымды эмоциялармен, қызықты фактілермен, пайдалы кеңестермен толтырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?