Абай мұражайында №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абай мұражайында №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

3.​2.​4.​1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

тірек сөздер негізінде оқиға желісін мазмұндайды, септік жалғаулы сөздерді мұғалімнің қолдауымен жазбаша қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, септік жалғаулы сөздерді жазбаша дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, септік жалғаулы сөздерді жазбаша еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Оқиға желісін сақтап, мәтін мазмұнын айтады;
  • жалғауларды дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Мұражай, арала

Грамматикалық минимум

Кімнің, ненің? сұрақтары

кімнің? менің ...

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Демалыс күнім №1

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Ой шақыру

(Ұ) Суреттерге мұқият қарап, сабақтың тақырыбын болжа.

Жетелейтін сұрақтар:

  • Бұл не? (мұражай)
  • Қалай ойласыз, бұл кімге арналған мұражайы? (суреттер арасынан атақты тұлғаны атайды, өз ойын айтады)
  • Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады? (Абайдың мұражайы туралы)

Сабақтың тақырыбын болжау

(Абай, ақын, белгілі адам, ғимарат, мұражай, т.б.)

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • Оқиға желісін сақтап, мәтін мазмұнын айтамын;
  • жалғауларды дұрыс қолданамын.

 Слайд

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(ЖЖ) Жаңа сөздерді меңгерту

Мұражай – не?

арала – не істейді?

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Септік жалғауды қайтала.

Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.

Кімнің? мен, менің

Кімнің? сен, сенің

Кімнің? Сіз, Сіздің

Кімнің? ол, оның

1-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді тыңдап, түсінгеніңді айт.

Мәтінді мұқият тыңдайды. Тірек сөздерді белгілейді. Тірек сөздерге негізделіп мазмұнын айтады.

2-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді түсініп оқы.

Мәтінді оқып, мазмұнын талқылайды. Мәтін мазмұнын сұрақ қою арқылы тексереді.

Бұл – Абай мұражайы. Абай – қазақтың ұлы ақыны. Мұражайдың айналасы таза. Гүл мен ағаш көп. Абай мұражайы екі қабатты. Мұражайда Абайдың шығармалары, кітаптары, суреттері, заттары бар. Мұражайда экспонат көп.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма?

3-тапсырма:

(ЖЖ) Абайдың кім екенін анықта. Дұрыс жауабын айт.

Берілген сөздердің арасынан қажетті сөзді белгілейді. Алдынғы тыңдаған, оқыған мәтіндегі ақпаратты қолданып ойын айтады.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

Сергіту сәті:

Оқушылар әнді орындайды, кейіпкерлермен бірге билейді.

4-тапсырма:

) Тиісті қосымшаларды жаз.

Сөздерге қажетті жалғауды дұрыс жалғайды, сөйлемдерді қатесіз көшіреді. Мұғалімге тексеруге тапсырады.

Абай – қазақ... ұлы ақыны. Мұражай... айналасы таз. Мұржайында Абай... шығармалары мен заттары бар.

Дескриптор:

  • жалғауларды дұрыс қолданады;
  • сөйлемдерді қатесіз жазады.

 Слайд

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

99-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

101-бет,

5-тап

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y

«Көкжиек» оқулығы,

101-бет,

6-тап

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Тілек ағашы»

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

100-бет, 3-тапсырма (ауызша), 4-тапсырма (жазбаша).

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу