Демалыс мәдениеті №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалыс мәдениеті №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табады және сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табады және сөйлеу барысында орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

сөйлеу барысында тірек сөздерді еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Берілген тақырып бойынша сөйлейді;
  • сөйлеу барысында сөздерді орынды қолданады

Лексикалық минимум

Мәдени саяхат, көңілді, сыпайылық

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау

Мен сыпайылық сақтай+мын

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

7-бөлім. Су – тіршілік көзі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Мен саған тілеймін ....» тренингі

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді:

  • мейірімді бол,
  • ақылды бол,
  • ұқыпты бол,
  • батыл бол,
  • тәртіпті бол,
  • сабырлы бол,
  • шыдамды бол,
  • шыншыл бол т.б.

Ой шақыру

Оқушылар суретке қарап сабақтың тақырыбын болжайды.

  • Суретте не бейнеленген?

Сабақтың тақырыбын болжату

(Демалыс мәдениеті)

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • Берілген тақырып бойынша сөйлеймін;
  • сөйлеу барысында сөздерді орынды қолданамын.

 Слайд

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

25 мин

Жаңа сөздерді меңгерту:

(ЖЖ) Берілген сөздерге мағынасы жақын, жуық сөздер ойластыр.

Мәдени саяхат – демалатын орын (театр, кино, саябақ, дүкен)

көңілді – сезім (тамаша, жақсы)

сыпайылық – сыйластық, әдептілік

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

, МК) Жіктік жалғауды қайтала.

Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.

Мен сыпайылық сақтай+мын

Сен сыпайылық сақтай+сың

Сіз сыпайылық сақтай+сыз

Ол сыпайылық сақтай+ды

1-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді тыңдап, Әнелді сипатта.

Мәтінді мұқият тыңдайды. Таныс емес сөздерге түсінік береді.

2-тапсырма:

) Мәтінді оқы. Әлібектің сыныбын сипаттайтын сөздерді айт.

Мәтін мазмұнымен танысады. Сипаттайтын сөздерді сұрақ арқылы табады, астын сызып белгілейді.

Біз сыныппен мәдени саяхатқа шығамыз. Демалыста мұражайға, театрға, саябақтарға барамыз. Біздің сынып көңілді. Апай бізге: «Мұражайда, театрда қатты сөйлемеңдер! Қатты күлмеңдер! Сыпайы болыңдар! – дейді. Біз тазалық сақтаймыз. Қоқыс тастамаймыз. Апай бізге: «жарайсыңдар!» - дейді.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма?

3-тапсырма:

(ЖЖ) Тірек сөздерді пайдаланып, сыныбың туралы айт.

Жұбымен өзара әңгіме жүргізеді. Өз ойын мысалдармен толықтырады.

Үлгі: Менің ойымша, сыныбымыз үлгілі. Оқушылар шуламайды.

Тірек сөздер: Жалқау, ақылды, сыпайы, шулайды, қиын, тентек

Кері байланыс

Тапсырма ұнады ма?

Сергіту сәті

Оқушылар әнді орындап, би билейді.

4-тапсырма:

) Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер.

Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдерді байланыстырып, сұраққа жауап береді.

Дескриптор:

  • берілген сұраққа жауап береді;
  • тірек сөздерді сөйлеу барысында қолданады.

Кері байланыс

Тапсырма арқылы не үйрендің?

 Слайд

Таратпа материал

«Көкжиек» оқулығы, 96-97 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

97-бет,

4-тап

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y

«Көкжиек» оқулығы,

97-бет,

5-тап

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Бес саусақ»

Бас бармақ – неден қиналдым?

Балаң үйрек – кімге көмектестім?

Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

97-бет, 6-тапсырма (жазбаша).

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу