Нәтиже сабақ №12 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Нәтиже сабақ №12 | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді қолданып жай сөйлем құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: тірек сөздерді қолданып жай сөйлем және үлгіге қарап құрмалас сөйлем құрастырады. Оқушылардың кейбірі: тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Лексикалық минимум | Думан, таныс | |||||||
Грамматикалық минимум | Жай сөйлем және құрмалас сөйлем | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||
Бастапқы білім | Жеңіс күні №11 | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Ой шақыру Сұрақ-жауап:
(адамның білім және тәрбие алу үшін өз қолымен жасағаны, мысалы, кинотеатр, театр, кітапхана, мұражай, спортзалы, зәулім ғимараттар, түрлі ескерткіштер, кітаптар, музыка, мерекелер т.б)
(Оқушылар түрлі ойын-сауық орталықтарды атайды, бос уақыты жайлы, не көргенін, қандай әсер алғанымен бөліседі) Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | ||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану (Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Думан – мереке, той, мейрам, салтанат, ойын-сауық орталығының атауы танысу – танысу, білу, қарау, көру Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын. Венн диаграммасы. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді салыстырады.
Ықтимал жауап: Бірінші сөйлем Бір ойды білдіреді. Шылау арқылы байланысқан. Екінші сөйлем Екі ойды білдіреді. Сондықтан шылауы арқылы байланысқан. Ұқсастығы Екеуі де сөйлем. Екеуі де демалыс туралы ақпарат береді. Екеуі де хабарлы сөйлем. Үлгі бойынша оқушылар жұптасып сөйлемдер құрайды, сынып оқушыларына оқып береді. 1-тапсырма: (Т) Суретке мұқият қара. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша мәтін құрастырып жаз. Тірек сөздер: думан, тамашалау, танысу, мерейтой, тойлау, зәулім ғимарат, мәдени, ойын-сауық орталығы Кері байланыс Тапсырма ұнады ма? Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алдыға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық.(Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды) 2-тапсырма: (ЖЖ) «Адасқан сөздер» ойынын ойна. Сөздердің орнын тауып, ретін санмен белгіле. Сөздерден сөйлем құрастырып айт. 1. қаласы / Есіл / орналасқан / бойында / өзенінің / Астана 3. жердің / таза / ауасы / қысы / жазы / бұл / суық / ыстық 4. Астананың / зор / болашағы / 5. зәулім / ғимараттар / салынып жатыр / көптеген 6. орталығында / болады / Думан / ойын-сауық / демалуға 6. Мұхитаралында / түрімен / балықтың / барлық / таныса аласыз Қолдау: деңгейі жоғары оқушыға (Ж) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыр. Қажетті сөздер: және, сондықтан, сол себепті Дескриптор:
Бағалау: Кезекпен сыныпқа оқиды. Оқушылар сөйлемнің түрін анықтайды (жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем), бас бармақ арқылы бағалайды. | Слайд
Таратпа материал Таратпа материал
| ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Смайлик» Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Жазғы демалысыңды қалай өткіздің? (жай сөйлем және құрмалас сөйлемдерді қолдан) | Слайд | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?