Жеңіс күні №11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеңіс күні №11

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі:

мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған дұрыс жауап береді.

Оқушылардың кейбірі:

мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастырады және оған дұрыс жауап береді.

Бағалау критерийлері

  •  Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
  •  сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Лексикалық минимум

Жеңіс, шеру

Грамматикалық минимум

Қандай? қай? қашан? қайда? сұрақтары

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Бірлік күні №10

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Балалар достық сөзінің мағынасын түсіндіреді. Қолданылатын сөздер: Менің ойымша ...., өйткені ....

Ой шақыру

- «Батыр» сөзінің мағынасын аш.

(зор денелі, жерін сүйетін, елін сүйетін, жаудан қорғайтын, қару-жарағы бар)

- Қандай батырларды білесің?

(соғыс, еңбек, ерлік)

Сабақтың тақырыбын болжату

(Жеңіс күні)

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  •  Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын;
  •  сұрақтарға дұрыс жауап беремін.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Оқылым алды тапсырма

(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Жеңіс

шеру

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Қашан? (уақыт, мезгіл) Қайда? (мекен, жер) сұрақтарын тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі.

Мысалы: Жеңіс күні, алаңға

Оқылым тапсырмасы:

) Мәтінді оқы. Тірек сөздерін анықтап, мазмұнын айт.

Менің атам – соғыс ардагері. Ол соғыс кезінде елін, жерін қорғады. Атамның ерлігі үшін көп орден мен медаль берді.

Жеңіс күні отбасымызбен алаңға шықтық. Атам ордендері мен медальдарын тақты. Алаңда мерекелік шеру болды. Барлық адамдар атама жеңіс үшін алғыс айтты.

Мен атаммен мақтан тұтамын. Менің атам - батыр.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма?

Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.(Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды)

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

(ЖЖ) Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр. Жұбынмен сұрақтармен алмасып жауап бер.

Қолданылатын сұрақтар: қандай? қай? қашан? қайда?

Дескриптор:

- мәтін бойынша дұрыс сұрақтар құрастырады;

- қойылған сұрақтарға сенімді жауап береді.

Бағалау:

Жұптар бір-бірін бағалайды.

 Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Нысана»

  • Басында
  • Ортасында
  • Соңында

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Сенің ардагер атаң, әжең бар ма? Олардың ерлігі туралы не білесің?

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу