Демалысты қалай өткіздім? №4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалысты қалай өткіздім? №4

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мұғалімнің қолдауымен берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтінді түрлі формада құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады;
  • тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.

Лексикалық минимум

Алаң, арала

Грамматикалық минимум

Қайда? Қашан? сұрақтары

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Демалыс күнім №3

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

Оқушылар бір-бірімен амандасады. Амандасу сөздерін еске түсіреді:

Армысың!

Сәлем!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіз бе!

Амнсызсыз ба!

Қайырлы күн!

Қайырлы кеш! т.б.

Қызығушылықты ояту

(Ж) «Кластер» құрастыр.

«Демалыс орындары» сөзінің айналасына тірек сөздер жаз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданамын;
  • тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырамын.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Алаң – не?

арала – не істей?

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сұрақ қою арқылы бағыттау;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Қашан? (уақыт, мезгіл) Қайда? (мекен, жер) сұрақтарын тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі. Оқушыға мектепке деген сөз берілсе, ол қайда? деп жауап береді.

Мысалы: алаңға, кешке, көшеге, қазір

1-тапсырма:

) «Алаң» және «аралау» сөздеріне мағыналас сөздер және сөз тіркестерін ойластыр.

Мысалы:

Көше, аула, ойын алаңы, үй алаңы, сауда алаңы, аумақ, жер т.б.

қыдыру, көру, тамашалау, демалу, серуендеу, жүру т.б.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма?

2-тапсырма:

(ЖЖ) Тірек сөздер негізінде сұхбат құрастыр.

Тірек сөздер: алаң, аралау

Қажетті сұрақтар: қайда? қашан?

Үлгі:

  • Сен қайда бара жатырсың?
  • Мен алаңға бара жатырмын.
  • Онда не істейсің?
  • Көше аралаймын.
  • Үйге қашан келесің?
  • Үйге кешке келемін.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

Сергіту сәті:

Оқушылар «Қуыр-қуыр, қуырмаш» әнін орындайды, кейіпкерлермен бірге билейді.

3-тапсырма:

) «Демалысты қалай өткіздім?» тақырыбында жоспар құрастыр. Жоспар негізінде шағын эссе жаз.

Дескриптор:

- берілген тақырып бойынша жоспар құрастырады;

- 5 cөйлемнен тұратын эссе жазады;

- өз ойын жүйелі жеткізеді.

Бағалау:

Эссені кезекпен сыныпқа оқиды.

Оқушылар «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

 Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер жазылады (олар тақтаға алдын-ала жазылып қойылады): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б. немесе ұнамады, түсінбедім, қызықсыз, қажетсіз т.б.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Жазғы демалысымды қалай өткіземін? Жоспар құрастыр.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу