Демалыс күнім №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

3-сабақ «Демалыс күнім»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың қызығушылығын артту үшін, «Демалыс» сөзіне төрттен аспайтын бір тақырыпта сөздерді ойластыруға ұсыныңыз, бұл әдіс оқушылардың жеңілден күрделіге қарай ойлауын дамытады.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы меңгертіңіз;
  • Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Сергіту сәті:

  • https://www.youtube.com/watch?v=ee61Pl7yqVQ «Еркемай» әнiнің атты бейнеклипін көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 3 мин.;
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады;
  • Қазақ халқының әнімен танысысады, жазуды оқып бірге орындайды;
  • Оқушылар ән арқылы ерке баланың жасаған бұзықттықтары қандай қиындық туғызатындығын және оның қандай күйге алып келетіні жайлы білетін болады.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

Тыңдалым тапсырмасы:

  • Жұмысты топқа бөліп орындатыңыз;
  • Мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты бірнеше дұрыс және мағынасы теріс айтылған сөйлемдерді ұсынады.
  • Оқушылар мағынасы ауысып тұрған сөлемдерді белгілейді.
  • Нәтижелерін топ ішінде дәлелдеп, өз пікірлерін айтады.
  • Бұл әдіс мұғалімнен мәтінді дайындауды талап етеді.
  • Оқушылардың ойлары тақырыптан ауытқымауды қадағалау.
  • Менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ..... дәлелдеу сөйлемдердің құрылысына назар аудару.

Бағалау

  • Бір топ екінші топты бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

  • Бұл тапсырманы жеке орындатыңыз;
  • Оқушы суреттерге қарап, керекті сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап береді;

Қолдауды қажет ететін оқушының алдына үлгіні беруге болады.Бағалау

  • «Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Тілек ағашы» тәсілі арқылы оқушылар өз істерінің мәнін түсініп, жағымды эмоциялармен, қызықты фактілермен, пайдалы кеңестермен толтырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу