Бірлік күні №10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер

10-сабақ «Бірлік күні»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым және тілдік бағадар дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде «Бірлік күні» суреті арқылы ой шақырудан бастаңыз;

Сұрақтармен бағыттап отырыңыз, мысалы, Суретте не бейнеленген? Бұл мейрам қалай аталады? Бұл мереке қашан тойланады?

  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
  • Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.

Айтылым тапсырмасы:

  • Оқу мақсатына сай айтылым дағдысы оқушының тыңдаған және оқыған материалы бойынша пікірін білдіруді көздейді;
  • Сондықтан, алдымен мәтінді тыңдатыңыз, оқушыладың түсінігін сұрақтар арқылы бекітіңіз, ал түсінбеген кезде (түсінген оқушы өз сөзімен түсіндіреді);
  • Содан кейін тыңдаған мәтінді оқушылар оқиды;
  • Топтасып «ПОПС» формуласы бойынша өз ойларын білдіреді. Оқушы өз ойын мәтін арқылы да, алдынғы білімдері арқылы білдіре алады.

Бағалауы:

  • Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгергенін;
  • Сөздерді орынды қолдана білуін;
  • Айтылымда қолдана алуын бағалайды.

Жазылым\айтылым тапсырмасы:

  • Мұғалім оқушылармен жіктеу есімдіктері мен сұраулы есімдіктерді қайталайды;
  • Тапсырма жеке орындалады, әр оқушыға қима қағаз дайындаңыз.
  • Орындау уақытын белгілеңіз.

Бағалау:

  • Оқушы тізбекпен сөйлемдерді оқиды, қалған оқушылар дұрыс болса, шапалақ ұрады, дұрыс болмаса, өз нұсқасын оқиды, солай жалғаса береді.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Идеялар себеті» тәсілі арқылы оқушылар өзі үшін маңызды болған өзгерістерді атап көрсетеді, пайдалы кеңестермен бөліседі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу