Бірлік күні №10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Бірлік күні №10 | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру 3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді, жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады. Оқушылардың көпшілігі: оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді, жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді, жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша/жазбаша тілде еркін қолданады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Лексикалық минимум | Бірлік, топ | ||||||
Грамматикалық минимум | Жіктеу есімдіктері Мен, сен, Сіз, ол | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||
Бастапқы білім | Наурыз тойы №9 | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру «Комплимент» тренингі. Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Ой шақыру - Суретте қандай мейрам бейнеленген? - Бұл мереке қашан тойланады? Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | |||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану (Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Бірлік – топ – Дамыту жолдары:
1-тапсырма: (Ұ) Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бірлік деген сөзі - бір топтағы адамдар деген мағынаны білдіреді. Осыған дәлел, елімізде 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлт өкілдері тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. - Мәтін не туралы? - Мәтінде неге түсінік беріледі? (Т) Мәтінді мұқият оқы, «ПОПС» формуласын толтыр. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды жасаймын. Кері байланыс Тапсырманың қай бөлігі қиын болды? Неге? Сергіту сәті Қолды алға созайық, Қайшы кескен болайық. Бір, екі, үш, төрт, Бір, екі, үш, төрт. Енді еркін тыныстап Демалайық дұрыстап. Бір, екі, үш, төрт, Бір, екі, үш, төрт. 2-тапсырма: (Ж) Жақшаның ішіндегі сұрақты есімдікке өзгертіп қолдан. (Кімге?) әкем бірлік сөзін түсіндірді. (Кім?) айтты, бірлік ынтымақтастықтан басталады. Адамдардың арасында бірлік болу керек. Адамдар арасында бірлік болса, (кімдер?) тату-тәтті өмір сүреді. (Кім?) жұмысты бірлікпен жасауымыз керек. Сонда жұмыс (кімге?) жемісін береді. Үлгі: (Кім?) Бірлік күні орталық алаңына шығамын. Мен Бірлік күні орталық алаңына шығамын.
Дескриптор:
Бағалау: Оқушылар «Шапалақ ұру» арқылы бағалайды | Слайд
Таратпа материал
| |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Идеялар себеті» Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Бірлік туралы өлең жатта | Слайд | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?