Демалу мәдениеті №7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалу мәдениеті №7

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1 сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

қажетті ақпаратты түрлі дереккөздерден алады және мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын мұғалімнің қолдауымен қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

қажетті ақпаратты түрлі дереккөздерден алады және мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын үлгі бойынша қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

қажетті ақпаратты түрлі дереккөздерден алады және мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша\жазбаша тілде дұрыс қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктеп кестеге түсіреді;
  • сөйлеу және жазу барысында етістіктің шақтарын дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Мәдениет, таныс

Грамматикалық минимум

Өткен шақ

-ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Шипажайда №6

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Мен - сенің досыңмын, сен - менің досымсың» тренингі

Балалар бір-бірлеріңе қолдарың созып, шын жүректен мынадай сөздермен сәлемдеседі: «Сәлеметсің бе, Сәуле! Мен сенің досыңмын», «Сәлеметсің бе, Әмір, мен де сенің досыңмын».

Қызығушылықты ояту

«Суретті аяқта» дамыту ойыны

Мұғалім суретті бастап салады, оны балалар аяқтап, бір сурет салып шығу керек.

Бұл не? Немесе кім бұл?

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • Тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктеп кестеге түсіремін;
  • сөйлеу және жазу барысында етістіктің шақтарын дұрыс қолданамын.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Мәдениет – адам, өмір, тәрбие, әдеп, өнер

таныс – таны, біл, көр

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

«Өмір сүрген, жұмысымен танысқан, сурет салған» сөздерін тақтаға жазып, «қандай сұрақ қоюға болады?» деп сұрау.

«Не істеген?» деген сұрақты және ірі әріптермен жазылған жұрнақтарды қағазға жазып іліп қою.

«Бұл сөздерде қандай ұқсастық бар?» деген сұраққа оқушылардың өздері жауап береді (сөздердің соңғы буындары ған, ген, қан, кен ұқсас).

Грамматикалық тақырыпты бекіту үшін ойын ойнату.

1-тапсырма:

(Т) Кітаптардан әйгілі қазақ суретшілер туралы ақпарат ізде. Ақпаратты берілген кестеге жаз.

Әйгілі суреші

(кім?)

Туып-өскен жері

(қайда?)

Салған суреті (қандай?)

Қосымша ақпарат

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

Сергіту сәті

Оқушылар «Бала, бала, балапан» әнін орындап, би билейді.

2-тапсырма:

(ЖЖ) Сөйлемдерді оқы. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалғап жаз.

Кеше менің Астанада тұратын досым кел...... Біз екеуміз Алматыдағы мәдениет орындарына саяхат жаса.... Қаладағы сурет галлереясына бар..... Сурет галлереясы Әбілхан Қастееев атымен аталады. Әлілхан Қастеев – қазақ халқының атақты суретшісі. Біз галлереядағы суреттерді тамашала........ Бізді суретшінің «Жас Абай» суретімен таныс.... Ертең біз өнер мұражайына бар... Мұражайда ұлттық киім түрлерімен таныс....

Кері байланыс

Тапсырма пайдалы болды ма?

3-тапсырма:

(Ж) Мәтін мазмұны бойынша іс-әрекеттің қашан орындалғанын белгіле ().

кеше

бүгін

Мәдениет орындарына саяхат жасау.

Галлереядағы суреттерді тамашалау.

Өнер мұражайына бару.

Ұлттық киімдермен танысу.

Дескриптор:

  • етістіктің өткен шағының қосымшаларын анықтайды;
  • іс-әрекеттің орындалу уақытын белгілейді.

Бағалау:

Бір-бірінің жұмысын тексереді. Кері байланыс береді.

 Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 https://kk.wikipedia.org/wiki/Санат. Қазақстанның суретшілері

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y

Таратпа материал

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Бес саусақ»

Бас бармақ – неден қиналдым?

Балаң үйрек – кімге көмектестім?

Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Демалысынды қалай өткіздің? Әңгіме дайында.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу