Шипажайда №6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидатикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (ОМЖ)
8-бөлім: Демалу мәдениеті. Мерекелер
6-сабақ «Шипажайда»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Ойлаң!» әдісі арқылы ой шақырыңыз;
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
- Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
- Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Сергіту сәті:
- https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk «Қуыр-қуыр, қуырмаш» атты бейнеклипті көрсетіңіз;
- Ұзақтығы – 2 мин, 48 сек.;
- Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады;
- Қазақ халқының әнімен танысысады, жазуды оқып бірге орындайды;
- Оқушылар ән арқылы саусақтар жайлы мәлімет, саусақтардың қандай қызмет атқаратынын білетін болады.
Грамматикалық қоржын:
- Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
- Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
- Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
- Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы ақпаратпен теңестіреді.
Оқылым тапсырмасы:
- Ұсынылатын тәсілдері: мәнерлеп оқу, шолып оқу, рөлге бөліп оқу, түртіп оқу түрлерін пайдалануға болады;
- Тапсыраны жұпқа бөліп орындатқызыңыз;
- Мәтінді мәнерлеп оқытыңыз;
- «Мәтін не туралы?», «Нені түсіндің?» деген сұрақтар арқылы оқушылардың түсінігін тексеріңіз;
- Мәтін мазмұнын саралау үшін кестені толтыртыңыз.
Оқылымнан кейінгі тапсырмасы:
- Тапсырманы үш топқа бөліп орындатыңыз;
- Оқушыларды шартымен таныстырыңыз;
- Қолданатын сұрақтарға назар аудартыңыз;
- Орындау барысын қадағалаңыз.
Бағалауы:
Мұғалім оқушының тақырып бойынша лексиканы қаншалықты меңгергенін:
- мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;
- мәтін бойынша жұбына сұрақ қояды;
- сұрақтың құрылымын сақтайды.
Әр топтан бағалаушысы басқа топтың жауабы мен сұрағын бағалайды:
- бағалаушыға қызыл және жасыл түс белгісін беруге болады;
- жасыл түс – сұраққа дұрыс жауап берді және сұрақты дұрыс құрастырды;
- қызыл түс – сұраққа дұрыс жауап бермегенде және сұрақты дұрыс құрастырмағанда.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
«Нысана» тәсілі арқылы оқушылар меңгерген білімін бағалайды, өзіндік түсінік береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?