Шипажайда №6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Шипажайда №6 | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мәтінді мәнерлеп және түсініп оқиды, мұғалімнің қолдауымен сұрақтар құрастырады және дұрыс жауап береді. Оқушылардың көпшілігі: мәтінді мәнерлеп және түсініп оқиды, үлгі бойынша сұрақтар құрастырады және дұрыс жауап береді. Оқушылардың кейбірі: мәтінді мәнерлеп және түсініп оқиды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және дұрыс жауап береді. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Лексикалық минимум | Шипажай, күтім | |||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Қандай? қай? қашан? қайда? сұрақтары | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Саяжайда №5 | |||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру Балалар бір-біріне тілек тілеп «сиқырлы таяқшаны» береді. Ой шақыру «Ойлаң!» 1. Адам өміріне қажетті 5 жағдайды ата. (ауа, су, қорек, жарық, жылу) 2. Адам үшін ең басты байлық, ол не? (денсаулық) 3. Егер ауырып қалсаң, қай жерге барып ем қабылдауға болады? (емхана, шипажай) Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Оқылым алды тапсырмасы: (Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Шипажай – мекеме (демалу + емделу) күтім – қарайды, емдейді Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Қашан? (уақыт, мезгіл) Қайда? (мекен, жер) сұрақтарын тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі. Мысалы: шипажайға, жазда, сапарға, каникулда Оқылым тапсырмасы: (ЖЖ) Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы. Төмендегі кестені толтыр. Жазғы каникул басталды. Мен шипажайда демалдым. Шипажай тауға жақын орналасқан. Дәрігерлердің күтімі маған өте ұнады. Біз суға түстік, жаттығу жасадық, пайдалы коктель іштік. Жазғы демалыс жақсы өтті. Мен көп балалармен достастым. Сұрақ: - Мәтін не туралы?
Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? Сергіту сәті: Оқушылар «Қуыр-қуыр, қуырмаш» әнін орындайды, кейіпкерлермен бірге билейді. Оқылымнан кейінгі тапсырма: (Т) «Бекеттер» ойыны. Әр бекетте берілген үзіндіні оқы. Үзінді бойынша сұрақтар құрастыр және жауап бер. Шарты:
Қолданылатын сұрақтар: қандай? қай? қашан? қайда? 1-бекет: Жазғы каникул басталды. Мен шипажайда демалдым. Шипажай тауға жақын орналасқан. Сұрақ: __________________________ Жауап: __________________________ Сұрақ: __________________________ Жауап: __________________________ 2-бекет: Дәрігерлердің күтімі маған өте ұнады. Біз суға түстік, жаттығу жасадық, пайдалы коктель іштік. Сұрақ: __________________________ Жауап: __________________________ Сұрақ: __________________________ Жауап: __________________________ 3-бекет: Жазғы демалыс жақсы өтті. Мен көп балалармен достастым. Сұрақ: __________________________ Жауап: __________________________ Сұрақ: __________________________ Жауап: __________________________ Дескриптор:
Бағалау: Әр топтың бағалаушысы басқа топтың сұрағы мен жауабын бағалайды. | Слайд
Таратпа материал https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Нысана»
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Өзін білетін шипажай туралы мәлімет жинақта
| Слайд | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?