Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,
авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)
7-бөлім: Су – тіршілік көзі
12-сабақ «Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
- Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды орнатудан басталады. «Алфавит» ойыны. Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, бір тарау көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес сөздерді айтып шығады. Мысалы, «С» -Су, «Ө» - өзен, «Л» - лас, «Ү» - үнемде, «Ш» - шөлдеді.т. с.с. Бұл ойын түрі тарау бойынша өтілген сөздерді еске түсіруге мүмкіндік береді.
- Ой шақыру кезеңінде «ШЫН» және «ЖАЛҒАН» ойыны. Анимация арқылы сұрақтар ретімен шығып отырады. Бұл жұмыс түрі шапшаңдыққа жетелейді.
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздерді меңгерту:
- Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
- Сынып оқушылары тарау бойынша игерілген әр сөзді орынды қолдана білуі тиіс. Сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына назар аударуды ұмытпаңыз.
Оқылым, жазылым мен айтылым
- Сынып оқушыларына оқылым дағдысына қатысты мәтінмен жұмыс түрі ұсынылады. Оқушылар жұптасып мәтінді оқи отыра, суды үнемдеудің ережесін құрастырып шығуы тиіс. Бұл тапсырма арқылы оқыған мәтіні бойынша ой қорыта алуға бейімдей аласыз. Қысқа мадақтау айту арқылы бағалай («Жарайсыздар!», «Тамаша!») аласыз.
- «Кел, ақылдасайық!» түрінде топтық жұмыс жасалады. Оқушылар 4-5 оқушыдан топта жұмыс істейді. Әрбір топқа қима қағаздарда жазылған сөздер ортаға тасталады. 1-тапсырма: «Не?», «Қандай?», «Қайтеді?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді кестеге орналастырса, 2-тапсырмада жіктік, көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қолдана отырып, 4 түрлі сөйлем жазу тапсырмасын ұйымдастыра аласыз.
- Сынып оқушылары келесі тапсырманы әрқайсысы өз бетінше орындайды. А-тапсырмасы: Сурет бойынша «Дәмді», «тұщы», «терең» деген сөздерді пайдаланып, өзенді сипаттап 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме жазады. Ал Ә-тапсырмасында: Сурет бойынша «Лас», «арамшөп», «айнала» деген сөздерді пайдаланып, көлшікті сипаттап 4-5 сөйлеммен әңгімелеп айтуы тиіс. Тапсырма орындалғаннан кейін «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс бере аласыз.
- Сынып оқушылары санамақ арқылы жұптасып, тілдесім тапсырмасын орындайды. Берілген сұрақтар бойынша сұхбатқа түседі. Сыныптастарының жауаптарын «Сандар» әдісімен бағалайды. 5 саны – «өте жақсы», 4 саны – «жақсы», 3 саны – «орташа» деп бағаланады.
- Сынып оқушыларының сабақ соңында «Түсінемін, білемін, жасай аламын» атты рефлексияға белсенді қатысуын қадағалауды естен шығарып алмаңыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?