Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 12-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2. Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1. жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну. 2.1 Сөздік қорды толықтыру 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздерді қолдау арқылы қолданады Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша сөздерді қолданады, сурет бойынша әңгіме құрап жазады Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша ойын сауатты жеткізеді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Үнемде , дәмді, тұщы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жалғау түрлері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Суды бағалауға, үнемді қолдана білуге баулу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7-бөлім:Су –тіршілік көзі. Жағажайда №11 сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Қызығушылықты ояту Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру «Алфавит» ойыны Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, бір тарау көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес сөздерді айтып шығады. Мысалы, «С» -Су, «Ө» - өзен, «Л» - лас, «Ү» - үнемдет, «Ш» - шөлдеді.т. с.с.» -Бұл ойын түрі тарау бойынша өтілген сөздерді еске түсіруге мүмкіндік береді. Ой шақыру (Т) «ШЫН» және «ЖАЛҒАН» ойыны. Анимация желісінде сұрақтар шығып отырады.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
Таратпа материалдар
слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 мин | (ЖЖ) Мәтінді оқып, суды үнемдеудің ережесін дайындаңдар. Мәтін. Сусыз бақша, ағаштар, гүлдер қурайды. Су бізге өмір сыйлайды. Адамдар тұщы суды пайдаланады. Әлемде тұщы су аз, ащы су көп. Біз тұщы суды үнемдейміз. Суды босқа төкпейміз. Суға қоқысты тастамаймыз. Табиғатты ренжітуге болмайды! Мысалы:1. Суды үнемде! 2. Суды қоқыстан сақта! 3. Суды бағалай біл! т.б.
Қысқа мадақтау айту арқылы бағалау(«Жарайсыздар!», «Тамаша!») (Т) «Кел,ақылдасайық!» Оқушылар 4-5 оқушыдан топта жұмыс істейді. Әрбір топқа қима қағаздарда жазылған сөздер ортаға тасталады. 1-тапсырма: Оқушылар «Не?», «Қандай?», «Қайтеді?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді кестеге орналастырады. (желім беріледі)
Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен? 2-тапсырма: Жіктік, көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қолдана отырып, 4 түрлі сөйлем жазу. Үлгі: Біз балық аулаймыз. Балалар жағажайда ойнап жүр. Мараттың суы таусылды. Менің әкем бақша суарды. (Ө) А-тапсырмасы – сипаттап жазу Ә-тапсырмасы – сипаттап айту
Дескриптор:
Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жеңіл болды Ойландырды Қиын болды (ЖЖ) Тілдесім. Оқушылар санамақ арқылы жұптасады. Тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңдар.
«Сандар» әдісімен сыныптастарының жауаптарын бағалайды. 5 саны – «өте жақсы» 4 саны – «жақсы» 3 саны – «орташа» | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?