Адамдар мен өзен (ертегі). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

7-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамдар мен өзен (ертегі)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2. Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.1.2.1. баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.

4.2. Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын түсіну

3.4. 2.1. оқыған/аудио/ бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.

5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау

3.5.1.2. өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/ септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтін мазмұнын түсінеді, тірек сөздерді қолданып мазмұнын жазады.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған шағын мәтін мазмұнын түсінеді, өз бетінше жалғаулы сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаза алады.

Бағалау критерийлері

  • Сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді;
  • Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын түсінеді;
  • Грамматикалық нормаларды сақтайды.

Лексикалық минимум

Өзен, асты

Грамматикалық минимум

Көптік жалғауы

Құндылықтарды дарыту

Судың қажеттілігін ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

7-бөлім: Су –тіршілік көзі. Су денсаулыққа пайдалы №6

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Сиқырлы сөздер» ойыныМұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек.

Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші».

Оқушылар арасында бір-біріне деген ізеттілік қарым-қатынасын орнатуға болады.

Ой шақыру

Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды.

  • Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?

-Дұрыс айтасыздар, бүгін сабақта ертегі бойынша жұмыс жасаймыз. «Адамдар мен өзен» деген ертегімен танысамыз.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Сөздердің лексикалық мағынасын түсінемін;
  • Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын түсінемін;
  • Грамматикалық нормаларды сақтаймын.

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материалдар

 

 

 

 

 слайд

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

1-тапсырма: Берілген сөздерді қажетті суреттің астына орналастыр. Өзен, асты

Тыңдалым алды тапсырма:

2-тапсырма: Үлгі бойынша сөйлем құрастыр.

Мысалы: Біздің ауылда шағын өзен бар.

Өзеннің асты тап-таза.

Тыңдалым тапсырмасы:

Мәтінді мұқият тыңдап, жаңа сөздерді белгіле. Мәтінде жаңа сөздер қанша рет кездесетінін санап айт.

Ертеде ауыл жанында өзен болды. Ауыл адамдарына ұзақ уақыт бойы қызмет етті. Өзен аса терең болған жоқ. Балалар суға жиі шомылатын. Бір күні өзен астынан көп қоқыс табылды. Сөйтіп, өзеннің асты ластанды. Адамдар өзенді қоқысқа толтырды. Күндердің күнінде өзен шалшық суға айналып, ғайып болды.

(Ұ)Ой шақыру

Сұрақтар:

  • Ертегі не туралы?
  • Өзен қандай болды?
  • Өзен неге ластанды?
  • Өзен неліктен ғайып болды?

Дескриптор

- мәтінді түсінеді;

- жаңа сөздерді анықтай алады;

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Грамматикалық қоржын

(Ұ, МК) Көптік жалғауы

- лар, -лер, дар-дер, тар-тер

Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Гүлдер – нелер?

Гүл – түбір сөз

дер – көптік жалғау

(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

1-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдап, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.

Ертеде ауыл жанында өзен болды. Ауыл адамдарына ұзақ уақыт бойы қызмет етті. Өзен аса терең болған жоқ. Балалар суға жиі шомылатын. Бір күні өзен астынан көп қоқыс табылды. Сөйтіп, өзеннің асты ластанды. Адамдар өзенді қоқысқа толтырды. Күндердің күнінде өзен шалшық суға айналып, ғайып болды.

Үлгі:

Өзен - түбір сөз

-дер көптік жалғау

2-тапсырма: Сөйлемді толықтыр.

1. Бір күні ______ ________ көп қоқыс табылды.

2. Адамдар __________ қоқысқа толтырды.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?

Сергіту кезеңі: «Көңілді күн»

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

Мұғалім оқушылармен бірге әуенге сүйене отыра, жаттығуларды орындайды.

(ЖЖ) Жазылым

Тапсырма: Суретке қарап, «Өзен» тақырыбында көптік жалғауын қолдана отырып, шағын мәтін құрастырып жаз.

Тірек сөздер: қоқыс, өзен, өзен астында, лақтыруға болмайды, ластамау қажет, төгуге болмайды.

Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.

Дескриптор

- сурет желісі бойынша жазады;

- тірек сөздерді қолдана алады;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

(оқушылардың кейбірі құрмалас сөйлеммен ойын білдіреді.)

Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жеңіл болды

Ойландырды

Қиын болды

Кел, жаттайық!

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Ы.Алтынсарин

Слайд

таратпа қағаз

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

слайд

Слайд

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Сұрағым бар...

Есімде қалды....

Түсіндім ...

Түсінбедім .....

Үй жұмысы

Оқулықтың 83 беттегі Ы.Алтынсарин шығармасынан бір шумақ өлеңін жаттап келу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу