Судың пайдасы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

2-сабақ «Судың пайдасы»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады.Сынып оқушыларының белсенді қатысуымен «Бақыттың тынысы» тренингі жүргізіледі.Сынып оқушылары орындарында тұрып терең тыныс алғанда көз алдыңызда сүйікті гүлдеріңіздің хош иесін, қуанышты, денсаулықты, махаббатты, сәттілікті ойлай отырып демалса, ал керісінше ауаны босатқанда ақымақтықтан, қызғаншақтықтан, реніштен, сәтсіздіктен ойын арылтады.
  • Ой шақыру кезеңінде сынып оқушылары шеңбер құрап, мұғалім ұсынған сөздерден сөз тіркесін құрап шығу керек. «Су» деген сөз бірнеше рет қайталанады.

(Сөздер тізбегі: Су, мөлдір, таза, пайдалы, кір, береке, тұнық, лас, шалшық.

Мысалы: су мөлдір, су пайдалы, су таза). Сынып оқушыларының бірлесе жұмыс

жасауына мүмкіндік бере отырып, ынтымақтастық атмосферасын орнатуға болады.

  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушыларына суретке қарай отырып, торкөзге қажетті сөздерді орналастыру тапсырмасын ұсына аласыз;
  • Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын бақылауда ұстауды ұмытпаңыз .

Айтылым мен жазылым

  • Балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында «Шашыранды сөйлем» ойынын ұйымдастыра аласыз. Оқушылардың алдына әр түрлі сөйлем беріледі. Сөйлемдерді мұқият оқып, мәтіндегі сөйлемнің реттілігіне қарай оқушылар ретімен тұра қалуы керек. Тапсырманы орындау барысында сөйлемдердің дұрыс реттілігі сақталғанына назар аударыңыз.
  • Тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
  • Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау барысында қажетті сөздердің дұрыс орналасуы мен сөйлем құрылысына назар аударыңыз.
  • Сынып оқушылары жұптаса отырып, тақырыптық әңгімеге қатысып, сұхбатқа түсу арқылы өзгелердің ойын толықтырып, суреттер арқылы өз ойын білдіре алады.
  • «Су – тіршілік көзі» деген ребусты ұсына отырып, оқушының сыни ойлау қабілетін ұштауға мүмкіндік бере аласыз.
  • Оқулықтың 68 бетіндегі тапсырма негізінде шығармашылық жұмысқа бағыттауға болады.
  • Мәтін негізінде тірек сөздерді ұтымды қолдана білуін бақылауды ұмытпаңыз.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу