Судың пайдасы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

1-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Судың пайдасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1. Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

3.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мәтінді мәнерлеп оқиды, мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы сөйлейді.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, үлгі бойынша берілген тірек сөздер негізінде жай сөйлеммен баяндайды.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтін бойынша пікірін білдіреді, өз бетінше тірек сөздер негізінде (3-4 сөйлем) сөйлейді.

Бағалау критерийлері

  • оқу түрлерін қолданады;
  • берілген тақырып бойынша сөйлейді.

Лексикалық минимум

Көмектесші, шөлдеді, суару

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғауы, жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Мәтін арқылы айнала қоршаған ортаға ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарауды үйретеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Ой шақыру (Жаңа бөлімнің тақырыбы мен мазмұнын болжайды)

Ұ Сынып оқушылар щеңбер құрап, мұғалім әріптер тізбегін таратады. Әр оқушы су тақырыбына қатысты өз әріпінен басталатын бір сөз айтады.

Мысалы: Су – «Т» - таза, «Л» - лас, «Д»- дәмді

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • оқу түрлерін қолданамын;
  • берілген тақырып бойынша сөйлеймін.

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материалдар

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

Оқылым алды тапсырмасы

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Сөздер мен суретті сәйкестендір

А) суару

А) сусады

Ә) шөлдеді

Ә)

Б) көмектесші

Б)

Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.

Мысалы: Мен гүл суардым. ....

) Грамматикалық қоржын

Әр оқушының орындығына қима қағаздар бекітіледі. Оқушы қима қағазда берілген тапсырмаға назар аударып, қажетті жіктік жалғауын жалғайды, жұбымен сол сөзді қатыстырып, диалог құрастырады. Үлгі:

- Мен бүгін бақша суардым. Сен суардың ба?

- Иә, мен гүл суардым.

- Мен жеміс суардым.

- Сен анаңа көмектестің бе?

- Иә, мен анама көмектестім.

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі

Оқылым тапсырмасы

1-тапсырмасы:

(МК,Ұ) Судың пайдасы тақырыбына қатысты мәтін оқиды.

Мысалы:

Адам бақша өсірді. Бақша шөлдеді.

Адам Суға:

-Су, сен әдімісің, тазасың, көңілдісің. Маған көмектесші,- деді.

Су:

-Жарайды,- деді.

Су Адамға көмектесті. Су бақшаны суарды.

Адам Суға:

-Рақмет, саған,Су!- деді.

Мәтінмен танысқан соң, оқушылар бірнеше (2-3) шешуші сұрақтарға жауап береді. Бұл талқылауға негізі болады.

Жетекші сұрақтар:

- Мәтін не туралы?

- Адам не өсірді?

- Су қандай?

- Сенің ойыңша судың қандай пайдасы бар?

Дескриптор

  • Мәтінмен танысып, түсініп оқиды;
  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Өз пікірін білдіреді.

Кері байланыс. « Бағдаршам» әдісі

2-тапсырмасы:

(ЖЖ) Екі оқушы жұптасып, сұхбаттасады.

- Біздің өмірімізде су қаншалықты маңызды?

- Сусыз өмір сүруге бола ма?

- Күн ыстықта адам не істейді?

- Суды қалай қолданасыз?

- Бақшаны қалай күтеді?

Кері байланыс. Жұптар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

(ЖЖ) Берілген мақалды толықтырып, мағынасын аш.

жүрген жер береке

Ел жүрген жер

Айтылым тапсырмасы

(Т) Суретті пайдаланып жауап бер.

Тірек сөздер: көмектеседі, суарады, тазалайды

Дескриптор

  • Берілген тірек сөздерді қатыстыра отырып, сурет бойынша әңгімелеседі.
  • Әңгіме барысында сөздерді қолданады, орын тәртібін сақтайды

Дифференцация

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар

мұғалімнің қолдауымен «Судың пайдасы» тақырып бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын ортаға салады.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар

«Судың пайдасы» тақырыбы негізінде 2 проблемалық сұрақ құрастырып, тақырып бойынша сөйлейді.

Слайд

Таратпа материалдар

Слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді қатыстыра отырып, 2 жай сөйлем, 1 құрмалас сөйлем жазып келу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу