Нәтиже сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

12-сабақ «Нәтиже сабақ»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың қызығушылығын ояту үшін бейнекөрсетілім көрсетіледі;
  • «Табиғаттағы су айналымы» атты бейне көрсетілімде су айналымы жүйесі бейнеленген;
  • Оқушы су айналым жүйесін жұбына түсіндіреді.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Сабақ барысында жаңа сөздерді (тамшы, бу) суретпен сәйкестендіріп, әр сөзді мысалдармен бекітіңіз;
  • Сөздердің өзара байланысын түсіндіртіңіз. Мысалы, су буға айналады, бу тамшыға айналады т.б.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.

Жазылым:

1-тапсырма.

  • Әр оқушыға тапсырманы арнайы қима қағазға дайындаңыз;
  • Көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жазғызыңыз;

Бағалауы:

Мұғалім оқушыны келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • көп нүктенің орнына тиісті әріпті қояды;
  • мәтінді қатесіз көшіреді.
  • бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін сақтайды.

Тексеруі:

Жұмыстарды бір-біріне тексертуге болады немесе алмасады, 1-қатар оқушылары 2-қатар оқушыларымен жұмыстарымен алмасады.

2-тапсырма.

Бұл тапсырманы жұпқа немесе шағын топтарға бөліп орнатуға болады:

Жалпы тапсырманың орындалуы екі кезеңді қамтиды;

  • Біріншісінде, оқушылар мәтінді түсініп оқиды;
  • таныс емес сөздердің астын сызады, талқылайды;
  • түсінбеген оқушыларға қолдау көрсетіңіз.
  • Екіншісінде, оқушыларға тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады.

Бағалауы:

  • мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады;
  • тірек сөздерді орынды қолданады;
  • сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу