Су туралы не білесің? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


9-сабақ «Су туралы не білесің?»

Сергіту сәті:

«Теңіз толқыны»

Теңіз толқиды – бір,

Теңіз толқиды – екі,

Теңіз толқиды – үш,

Теңіз адамы, тыныштал!

Ойын шарты:

Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім ойын ережесімен таныстырады. Оқушылар арасынан біреуі жүргізуші болады, ол «бір, екі, үш» дегенге дейін қалған оқушылар түрлі қимылдар жасау керек, ал «тыныштал» дегенде барлығы тұрған орнында қатып қалу тиіс. Егер қатып қалған адам күліп, кірпігін қағып, не орнынан қозғалса ойыннан шығады.

Тыңдалым тапсырмасы:

(Ұ) Берілген сөйлемдерге «иә»() немесе «жоқ»(×) деп жауап бер.

Судың дәмі де жоқ, түсі де жоқ.

Су – тіршілік көзі

Адамның бойында 75% су бар

Балықтың бойында 86% су бар

Қарбыз бойында 95% су бар

Су ішудің ережесі жоқ

Құбырдан, өзеннен су ішуге болады

Хлор ағзаға зиян

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(ЖЖ) Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне қарап, шеңбер жасайды. Ішкі шеңберде тұратын оқушылар сыртқы шеңберге жауап береді.

- Судың пайдасы қандай?

- Судың зияны қандай?

- Суды қалай ішу керек?

Дескриптор

- сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді;

- сұрақтарға жауап береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу