Су туралы не білесің? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

9-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Су туралы не білесің?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың кейбірі:

сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді және

ажыратады.

Бағалау критерийлері

  • сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді;
  • шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады

Лексикалық минимум

Су, шөлде

Грамматикалық минимум

Зат есім, етістік

Құндылықтарды дарыту

Су - баға жетпес байлық екенін түсіндіру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Су - баға жетпес байлық

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

«Теңіз толқыны»

Теңіз толқиды – бір,

Теңіз толқиды – екі,

Теңіз толқиды – үш,

Теңіз адамы, тыныштал!

Ойын шарты:

Оқушылар шеңберге шығады, мұғалім ойын ережесімен таныстырады. Оқушылар арасынан біреуі жүргізуші болады, ол «бір, екі, үш» дегенге дейін қалған оқушылар түрлі қимылдар жасау керек, ал «тыныштал» дегенде барлығы тұрған орнында қатып қалу тиіс. Егер қатып қалған адам күліп, кірпігін қағып, не орнынан қозғалса ойыннан шығады.

Бағалауы:

- Ең шыдамды, ең мұқият, ең төзімді, ең мықты т.б.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

сөздердің лексикалық мағынасын түсінемін;

шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратамын.

  Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Тыңдалым алды тапсырмасы:

Жаңа сөздерді меңгерту

Су – зат есім, не? сұйық зат, жердің астынан шығады.

Шөлде – етістік, не істеу? шөлдеу – су ішкім келді.

(сөздермен сөз тіркесін немесе сөйлем ойластырып бекіту)

Тыңдалым тапсырмасы:

«Су туралы не білесің?» бейнематериалды қара.

(Ұ) Берілген сөйлемдерге «иә»() немесе «жоқ»(×) деп жауап бер.

Судың дәмі де жоқ, түсі де жоқ.

ия

Су – тіршілік көзі

ия

Адамның бойында 75% су бар

жоқ

Балықтың бойында 86% су бар

жоқ

Қарбыз бойында 95% су бар

ия

Су ішудің ережесі жоқ

жоқ

Құбырдан, өзеннен су ішуге болады

жоқ

Хлор ағзаға зиян

ия

Кері байланыс

Бейнематериалдан қандай пайдалы ақпарат алдың?

Сергіту сәті:

Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(ЖЖ) Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне қарап, шеңбер жасайды. Ішкі шеңберде тұратын оқушылар сыртқы шеңберге жауап береді.

- Судың пайдасы қандай?

- Судың зияны қандай?

- Суды қалай ішу керек?

Дескриптор

- сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді;

- сұрақтарға жауап береді.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі орташа оқушылар сұрақтарға жауап береді, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді;

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сұрақтарға жауап береді, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді және қолданады.

Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=3_ZQDr_tugg

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Ең көп суды ішетін жануар туралы мәлімет дайында.

Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу