Су - баға жетпес байлық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

8-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Су - баға жетпес байлық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту

3.2.5.1 оқылған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін

3.3.3.1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдау-көру материалдары негізінде мұғалімнің қолдауымен және үлгі бойынша ойын айтады, мәтіннің жанрын ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдау-көру материалдары негізінде үлгі бойынша ойын айтады, мәтіннің жанрын ажыратады.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айтып дәлелдейді, мәтіннің жанры мен түрін ажыратады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің түрін анықтайды;
  • мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады.

Лексикалық минимум

Әрине, жағажай

Грамматикалық минимум

Қыстырма сөз

Құндылықтарды дарыту

Судың құндылығын ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Су - баға жетпес байлық

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Тасымақ» ойыны

Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.

Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.

Топтық жұмыста бірлесе орындай алуға баулу

Қызығушылықты ояту

Тапсырма: Сөздерді жаңылмай тез айт

1. Жаға жай,

Жағажайда – Қамажай.

2. Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

Сабақтың тақырыбын болжау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Мәтіннің түрін анықтаймын;
  • мәтіндегі оқиғаға қатысты ойды айтамын.

  Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Тыңдалым алды тапсырмасы:

Жаңа сөздерді меңгерту

Әрине - әлбетте

Жағажай -

Тыңдалым тапсырмасы:

(Т) Берілген үзіндіні мұқият тыңда.

  • Мәтіннің басы мен соңғы бөлігін болжа.
  • «Пирамиданың» сыртқы бөлігіне өз нұсқаңды жаз.
  • Топта талқыла, «Пирамиданың» ортаңғы бөлігіне топпен құрастырған нұсқаны жаз.
  • Мәтіннің мазмұнын айт.

.... Біз суға шомылдық. Өзен жағасында доп ойнадық. Қайықпен өзеннің екінші жағасына жүзіп бардық. Ол жақта бөтелкелер, қағаз қалдықтары мен басқа да қоқыстар шашылып жатыр екен. Әрине біз ...

Кері байланыс

Оқиғаның толық аяқтауға саған не (кім) көмектесті?

Сергіту сәті:

Оқушылар әнді, биді бірге орындайды

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Ертеде екі адам алыс жолға шығады. Олардың біреуі өзімен көп алтын, бағалы тастар алады. Ал екіншісі көп су алады. Олар шөлді жермен жүреді. Жолаушылар қатты шаршайды, шөлдейді. Алтыны бар адам екіншісіне: Маған бір жұтым су берші! Мен саған бар байлығымды беремін. Су болмаса, өмір жоқ екен. Ал мынау алтын, күмістер - жай ғана тас екен. Мен судың баға жетпес байлық екенін түсіндім, - дейді.

1. Мәтін не туралы?

2. Мәтіннің жанры қандай? Неге?

3. Мәтін бойынша сенде қандай көзқарас қалыптасты?

Қолданылатын сөздер: менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...

Дескриптор

- мәтіннің тақырыбын анықтайды;

- мәтіннің түрін анықтайды.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?

Дифференциация:

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мәтіндерге талдау жасап, талқылайды.

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар мәтіндерге талдау жасап талқылайды, жеке көзқарасын білдіреді.

Слайд

«Пирамида» кестесі

Таратпа материалдар

https://www.youtube.com/watch?v=Wm9XPTLZ_g4

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Су қанша тұрады? Судың бағасын зертте.

Бөтелкедегі су, крандағы су т.б.

Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу